Жазылым. тапсырмаларды орында. берілген сөйлемді шартты бағыныңқылы сабақтас кұрмалас сөйлемге ийналдыр.
демату уақыты аяқталды, жүмысшылар жұмысқа кірісті.
берілген сөйлемді қарсылықты бағыныңқылы сабақтас кұрмалас сөйлемге айналдыр.
мен алға қарадым, көзіме ештеңе көрінбеді.
берілген сөйлемді мезгіл бағынынқылы сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыр.
екеуі ымырт үйіріле үйден шықты, қонақтардың соңы әлі тараған жоқты.
1. Зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан болған сөйлем мүшесінің сындық, сандық, иелік, мөлшерлік т.б белгілерін білдіреді
2. Қандай? Қай? Қанша? Неше? Кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді
3. Өзі анықтайтын мүшемен байланыс *матасу, қабысу түрінде болады
Пысықтауыштың мағыналық түрлері
1. Мезгіл пысықтауыш. Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Ол бүгін келеді. Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді.
2. Мекен пысықтауыш. Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Әжесі үйде қалды. Қайсар биыл мектепке барады. Біз қала маңынан келдік.
3. Мақсат пысықтауыш. Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім.
4. Амал пысықтауыш. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре - жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде, ол сылқ - сылқ күлді.
5. Себеп пысықтауыш. Неліктен? Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.
6. Мөлшер пысықтауыш. Қанша? Қалай? Сабақта ұзақ сөйледі. Емтиханға жаппай кірді. Тақтайды ұзын кес.