В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
catttttttttttttttttt
catttttttttttttttttt
29.04.2022 01:39 •  Қазақ тiлi

ЖАЗЫЛЫМ
2
-тапсырма.
Сурет бойынша мәтін қура


ЖАЗЫЛЫМ2-тапсырма.Сурет бойынша мәтін қура

Показать ответ
Ответ:
aselduishenova
aselduishenova
11.04.2022 21:17

Фонетика (гректің фоне — дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған)— тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу зандылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Дыбыстың сипаты әр қилы. Айналадағы заттардың әр түрлі қозғалысынан, қақтығысынан шығып, құлаққа естілетін үннің бәрі де дыбыс деп аталады. Мысалы, желдің уілі, күннің күркіреуі ағаштың шарт сынуы, бір заттың екінші бір затқа тарс етіп тиюі т. б. әр түрлі үннің барлығы дыбыс болып саналады. Бірақ бүі сияқты дыбыстардан тіл дыбыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар; екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі үғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.

Дыбыстау мүшелеріне тыныс жолы (мүшелері), ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне карай дыбыстардың сипаты анықталады.

Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР.

Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Сөйтіп, дауыссыз дыбыстарда дауыс болмайды, олар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады. Қазақ тілінде 36 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Дауысты дыбыстан кейін айтылғанда, у дыбысы дауыссыз болып келеді: бауыр, ауыр, жауын, әуре т. б. Дауысты дыбыстар буын кұрайды да, дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды. Сондықтан сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады. Берілген сөздер буынға былай бөлінеді: ба-уыр, а-уыр, жа-уын, әу-ре. Бұл| сөздердегі у буын кұрай алмай тұр.

Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі.

1. Дауыс (үн) қатысына карай дауыссыздар қатан, ұяң және үнді (сонор) болып үшке бөлінеді. Кейде қатаң және ұяң дауысыздар үнсіз дыбыстар деп те аталады. Үнді дауыссыздар ауыз жолды (р, л, й, у) және мұрын жолды (м, н, ң) болып та бөлінеді.

Қатаң дауыссыздар: п, ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х. Қатаң дауыссыздарда ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады.

Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады.

Үнді (сонор) дауыссыздар: р, л, й, у (ауыз жолды, және м, н, ң (мұрын жолды). Үнді дауыстыларда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.

Дауыссыз дыбыстардың дауыс (үн) қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып жіктелуі дыбыс жүйесіндегі дыбыс үндестігі (ассимиляция) деп аталатын, көрші дыбыстардың бір-біріне әсер ететін ықпал заңына негіз болады.

2. Айтылуына (жасалу тәсіліне) карай дауыссыздар шұғыл және ызың болып екіге бөлінеді.

Шүғыл дауыссыздар: б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч.

Ызық дауыссыздар: в,ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ.

3. Жасалу орнына (дыбыстау мүшелерінің қатысына) қарай дауыссыздар төмендегіше жіктеледі:

Ерін дауыссыздары: б, п, м, у.

Тіс пен ерін дауыссыздары: в, ф.

Тіс дауыссыздары: з, с, д, ж, л, ц.

Тіл алды дауыссыздары: ж, ш, щ, ч, н, р, л, й.

Тіл ортасы дауыссыздары: к, г.

Тіл арты дауыссыздары: қ, ғ, ң, х.

Көмей дауыссызы: һ.

Дауысты дыбыстар - дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық - қысаң, еріндік - езулік, жуан - жіңішке болып бөлінеді.

«Отбасы» сөзінің фонетикалық талдауы.

Отбасы – 3 буын: от – тұйық, ба – ашық, сы – ашық.

О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;

Т - дауыссыз, қатаң;

Б – дауыссыз, ұяң;

А - дауысты, жуан, ашык, езулік;

С - дауыссыз, қатаң;

Ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік;

Сөзде 6 әріп, 6 дыбыс бар.

«Енші» сөзінің фонетикалық талдауы.

Енші – 2 буын, ен – тұйық, ші - ашық.

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;

Н - дауыссыз, үнді;

Ш – дауыссыз, қатаң;

І - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.

Сөзде 4 әріп, 4 дыбыс бар.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ариана20021111
Ариана20021111
12.08.2022 09:35

1)30-жылдарда қалыптасқан әміршілі-әміршіл жүйе кедей болса да,барлыға тең деген жаппай теңдік психологиясын қалыптастырды.

2)Жазалаушы органдардың қуатты жүйесіне сүйене отырып,30-жылдарда да сталиндік билік жаппай қуғын-сүргінді бастады.

3)Кеңестік экономиканың дамуындағы басты міндеттің бірі ретінде 1925 жылдың аяғында индустрияландыру мәселесі қойылған болатын.

4)1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың басында елдегі жағдай өте ауыр болды.Үндемелі индустрияландыру мен ауылшаруашылғын ұжымдастырудың салдарынан елде қуғын-сүргін көлемі ұлғайып кетті.

Объяснение:

лучший

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота