ЖАЗЫЛЫМ 2-тапсырма. Суретке қара. Олимпиада жеңімпаздар бірінің жетістігі туралы «Жеңіс баспалдақтарын кластер құру 104 VP 1 Жеңімпаздарын ата. Олардың талдақтары» деген тақырыпта ра
Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
Сөйлем мүшесінің белгілері:
1) толық мағыналы сөз болу керек;
2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек;
3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек.
Мысалы, Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.
Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады.
Мысалы, Аман жиналғандармен қысқа амандасты.
Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.
Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады.
Мысалы, Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді.
Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш, Алтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді – күрделі баяндауыш.
Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады.
Мысалы, Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.
1. Бірыңғай мүше қай мәндегі жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрғанын белгілеңіз. Д) Ыңғайластық.
2. Сөйлемнің қай мүшесі бірыңғайласып тұрғанын көрсетіңіз. Д) Бірыңғай анықтауыш.
3. Тыныс белгілері дұрыс қойылғанын бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз. Е) Маржан - әрі әнші- әрі биші, әрі домбырашы.
4. Бірыңғай бастауышты табыңыз. С) Түйе, жылқы, өгіз көлік ретінде пайдаланылады.
5. Бірыңғай пысықтауышты табыңыз. Е) Атам ат әбзелдерін оюлап, өрнектеп, өріп жасайды.
6. Бірыңғай анықтауышты табыңыз. Е) Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы, қымбат қазынасы.
7. Бірыңғай толықтауышты табыңыз. А) Ақын жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады.
8. Бірыңғай баяндауышты табыңыз. Е) қатық - әрі тағам, әрі сусын.
9. Бірыңғай бастауышы бар сөйлемді анықтаңыз. А) Мұнда шай, лимон, мандарин өсіріледі.
10. Бірыңғай анықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз. Д) Әбіш Абайдан үлкен, сапалы, терең жауап күтті.
11. Бірыңғай пысықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз. С) Құда жігіт жалтақтап, ыңғайсызданып отыр.
12. Бірыңғай баяндаушы бар сөйлемді анықтаңыз. В) Мағаштың бойы сымбатты, сұңғақ, биік.
13. Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді анықтаңыз. Д) Ерболға да, Шұбарға да сыр мәлім болды.
14. Бірыңғай, бір сұраққа жауап беретін қатарды анықтаңыз. Д) Қашық, шалғай, алыс.
15. Ыңғайластық жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені табыңдар. Д) Айбала мен Меңсұлу.
16. Талғаулықты жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені айқындаңыз. А) Не мен, не сен айт.
17. Кезектесе байланысқан бірыңғай мүшені анықтаңыз. Е) Кейде қар, кейде бұршақ жауады.
18. Қарсылықты жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені табыңыз. Д) Сөзге сарың, бірақ ісін орындайды.
19. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз. Е) Кәкітай да, Дәрмен де, ұзақ хаттар жазды.
20. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз. Е) Рабиға біресе маған, біресе Әмірге қарады.
21. Сөйлем ішінде пысықтауыш бола алатын қатарды табыңыз. А) Тез, ақырын.
22. Бірыңғай толықтауыш бола алатын қатарды анықтаңыыз. С) Бидайды, тарыны.
23. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемді табыңыз. Е) ормандағы қарағай, терек, қайың гүлдене бастады.
Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай бөлінуі.