Жеңімпаз ермахан ыбрайымов - олимпиада чемпноны, атланта олим- онадасының қола жүлдегері. ольга шишигина - олимпиада чем- пионы. ол кедергілермен 100 м жүгіру бойынша байрақты спорт зонасының жеңімпазы атанды. марина вольнова - олимпиаданың қола жүлдегері, боксшы. гюзель манюрова - олимпиаданың қола жүлдегері, еркін күрес шебері. иван дычко - олимпиаданың қола жүлдегері. ақжүрек таңатаров - олимпиаданың қола жүлдегері, еркін күрес шебері. василий жиров - олимпиада чемпионы, бокс шы. олимпиада нәтижесі бойынша вәл баркер кубогіне қол жет- кізген алғашқы қазақстан боксшысы. юрий мельниченко - грек- рим күресі бойынша олимпиада чемпионы. 2-тапсырма. мәтінде аталған жеңімпаз спортшылар қатарын толық- тырыңдар.
Қозы Көрпеш — Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры.

Қозы көрпеш - Баян сұлу кесенесі
Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов "Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870).
КЕШИР ТЕК ОСЫНЫ ТАПТЫМ ДУРЫС БОЛМАСА Г УГЛДАН КАРАОЕ❤❤❤
Алыс жақтан ұшып келе жатқан екі қаз жолай су таба алмай, жер шарлап, ұзақ жүріпті. Шілденің шыжыған ыстық күндері екен. Ақыры бір сарқынды көлшікке келіп қоныпты. Бір бақа сол көлшікті көптен мекендеп жүріпті. Ол көлшігін қызғанып, барқылдай қорып, екі қазды жолатпай, су ішкізбей қойыпты.
Шөлден таңдайлары кеуіп тұрған екі қаз әлгі бақаға бас иіп жалыныпты. Бақа сонда да көнбей:
– Бұл аз ғана көлшік, суы тізеден келеді. Сендер ішсеңдер, құрып қалады. Ал сендер сусындарыңды қандырған соң, ұшасыңдар да кетесіңдер. Мен бейшара сусыз қалай күн көремін? Ұшатын қанатым жоқ, құдық қазар тырнағым жоқ. Қайда барып жан сақтамақпын?! – деп қайғырады.
Екі қаз бақаның бұл айтқанына түсініп, оны жұбатады:
– Егер біз ішкеннен осы көлшіктің суы таусылып қалса, біз сені көтеріп ұшып, суы мол бір көлге жеткізіп салайық.
Бақа бұған көнеді. Үшеуі осылай уәделеседі де екі қаз суға қанып алады. Сол кезде көлшіктің суы да сарқылады. Содан кейін екі қаз осы арада бірер күн тынығады.
Бір күні аз ғана көлшіктің суы мүлде суалып, астындағы борығы сасып, құрттап кетеді.
Екі қаз уәде бойынша бақаға:
– Жүр, енді кетелік, суы мол көлге жетелік, – дейді. Ол да ұшуға құмартып тұрады. Екі қаз құлаштай ұзын шыбық тауып келеді де бақаға соны дәл ортасынан тістеткізеді. – Біз сені көкке алып ұшқанда, аузыңды ашпай, жағыңды қарыстырып, тістеп тұра бер. Аузыңды ашсаң, жерге құлайсың.
– Айтқандарыңды орындаймын, – дейді бақа.
Екі қаз әлгі шыбықтың екі ұшынан жалпақ саусақтарымен мықтап ұстайды да бақаны аспанға алып көтеріледі. Аспанда құстай самғап бара жатқан бақаның көңілі өседі, жердегі бақалардан өзін зор әрі бақытты санайды, бұл қылығына масаттанады.
Осылайша аспанда қалқып келе жатқанда, мұны көрген жердегі адамдар көкке қадала қарасып, таңдай қағысады.
– Ананы қараңдар, анау не? – десіп сұрасады бірінен - бірі.
Біреулер:
– Қанатты бақа! – дейді дауыстап. Біреулер:
– Бақа емес, басқа бірдеңе, – дейді таласып.
Жұрттың айқай - шуы, талас - дауы құлағына жеткен бақаның кеудесін мақтаныш кернеп: «Бұл елге аты - жөнімді айтпай кеткенім болмас», – деп ойлап, таңырқап тұрғандарға:
– Мен бақамын!.. – деп айқайлап, аузын ашқан заматта шыбықтан ажырап, жерге қарай құлдырай жөнеліпті. Тастай шыр айналып, зулай беріпті. Екі қаз соңынан жетіп ұстай алмай қалыпты. Сол бетімен далбалақтап келіп, тақыр жерге тарс ете түсіп, мылжа - мылжасы шығыпты.
Екі қаз:
– Ақымаққа істеген жақсылығың желге ұшқан тозаңмен тең екен ғой, – деп, әрі қарай самғап кете барыпты.