Желтоқсанның жиырма бесі. 6 - сынып
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. (6-8 сөйлем). Диалог құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз. [5]
Ұсынылатын тақырыптар
1. «Қызыл кітап» не үшін қажет?
2. Елордадағы бір өнер ордасы туралы айтып беріңіз.
3. Біздің халық қуат көзін дұрыс үнемдеп жатыр ма?
4. Қуат көзін үнемдеудің пайдасы бар ма? Неліктен
Жазылым
Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.
Қуат көзін үнемдей білеміз бе?
Астана – мәдениет пен өнер ордасы. [5]
Оқылым
«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады. «Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты. «Біржан-Сара» операсы музыкалық-поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.
«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы1250 орынға есептелген.
Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
Тұжырым
Шын
Жалған
А
«Астана Опера» үлкендігі бойынша әлемдегі үшінші опера театры болып табылады.
В
«Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.
С
«Астана Опера» опера және балет театры Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан
1
Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңдар.
Жапты ( антоним) 1
Биік ( синоним) 1
Сұраққа толық жауап беріңіздер
Театр қашан және кімнің бастамасымен ашылды?
2
Әрине, адам болу үшін айтылған асыл қасиеттердің маңызы зор. Жоғарыда айтылған бес қасиеттің қайсысын алсаң да, барлығы адам бойында керекті қасиеттер деп есептеймін. Себебі адам талпынбаса, талаптанбаса, еңбек те етпейді, демек еріншек болады. Ал терең ойлау қабілеті болса да қажет. «Бар нәрсеге қанағат» деп шүкіршілік айтпасақ, тағы болмайды. Ал адам бойында рақым болмаса, мейірімділік те болмайды, демек, ізгілік пен махаббат та орын алмайды.
Бес жаман істен неғұрлым аулақ болып,бойымызды да, ойымызды да таза ұстаған жөн. Басқа адамдарды өсектеп, ғайбат әңгіме айту еш жақсылыққа жатпайды. Кеудені керіп бос мақтанып, одан қалса, еңбек етпей, еріншек болу, босқа мал шашу – аулақ болатын істер. Себебі, өмірде еңбекпенен мал тауып, нан алып жесең, одан тәтті әрі қымбат ас болмайды деп есептеймін.
Робототехника (робот және техника; ағылш. robotics — роботика) – роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы.
Гуманоид роботтың қолы
Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.
Автоматтандырылған машиналар, басқа сөзбен айтқанда роботтар, адамдардың орнына қауіпті жерлерде, немесе зауыттағы құрастыру үдерістерінде жұмыс істей алады. Роботтар сыртқы келбеті бойынша, жүріс-тырысы мен танымы бойынша адамдарға өте ұқсас болуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда ғалымдар гуманоид роботтарды барынша адамдарға ұқсас қылуға тырысып жатыр.
Автономды түрде жұмыс істейтін роботтар туралы мәлімет көне кезден бастап ойлана бастаған, алайда сол тақырыптағы зерттеулер XX ғасырға дейін басталмаған. Ертегі кезеңнен бастап, роботтар бір күні адамдардың жүріс-тұрысына еліктейді және де адамдар сияқты адамдардың жұмыстарын істей алады деп болжалған. Қазіргі таңда робототехника тез дамып келе жатқан сала. Технология қалай тез дамыса, робототехника да солай тез дамиды, өйткені робототехника технологиямен тығыз байланыста. Технология дамыған сайын зерттеулер, әрлендер өзгеріп дамиды, соның арқасында роботтардың қолдану аймағы да ұлғаяды. Қазіргі таңда роботтар үйде, кәсіпорындар мен әскери салада қолданылады. Көптеген роботтар миналар мен бомбаларды залалсыздандыру сынды адамдарға тікелей зардап алып келетін жағдайларда қолданылады.
Робототехника қандай да роботтарды зерттеп әзірлемесе да, ол роботтар Айзек Азимовтың үш заңына бағынуы тиіс. Ол заңдарды 1942 жылы жазылған «Хоровод» атты әңгімесінде баяндаған. Ол заңдар мынадай оймен жазылған:
Бір де бір робот адамға залал келтіре алмайды, немесе әрекетсіздігімен залал келуіне жол бермейді.
Бірінші заңға қарсы келмесе, робот адамның барлық бұйрықтарын орындауға тиіс.
Бірінші және екінші заңдарға қайшы келмесе, робот өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.[1], роботехника[2]
Объяснение: