Жем сақты тапқанын, қоймасы бар шап шағын •күзде деп үйді, жұдырығын түйді. •қаймықпайды еш аңнан, қорқады тек тышканнан • үнім-дабыл, дабылды, өршітемін жалынды. жүрегіңді тербетіп, қоздырамын қаныңды. ответить на загадки
Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Мен Қазақстан Республикасында туып өстім,сондықтан біздің мемлекеттік тіліміз -ол қазақ тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.Қазақ тілі – ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады, ол алтай тілдері семьясының түркі тілдері тобына жатады 1989 жыл, 22 қыркүйек күні республикалық референдумда қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады.
Қоғамның басты байлығы – адам. Елбасымыз халыққа Жолдауында «Адам елдің басты байлығы» - деп атап көрсетті. Жан-жақты жетілген, білімді, саналы азаматтар қалыптасқан қоғамның болашағы зор. Ал, болашақтың иесі – жастар. Сондықтан да жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беріледі. Жастарды Отансүйгіштікке, патриотизмге, адамгершілікке, мәдениетке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу қажет.«Тәрбие тал бесіктен басталады» - деп дана халқымыз тегін айтпаған. Ұрпақ тәрбиесі отбасынан басталып, мектепте жалғасады. Әсіресе, отбасының тәрбиесі жүйелі болуы тиіс. Әр ата-ана өзінің мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен, адами қарым-қатынасымен, бүкіл болмысымен балаға үлгі болуы тиіс. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халқымыздың қанатты сөзі бар. Біздің халқымыз жас ұрпақты тәрбиелеудің қарапайым түрін шебер пайдаланған. Әжелеріміз баланы ұйықтатқанда батырлар туралы жомарттық, мейірімділік, Отансүйгіштік тағы да басқа тәрбиелік мәні зор ертегілер, дастандар айтып ұйықтатқан. Мұның өзі баланың құлағына жақсы істерді сіңіру еді. Бала мұның барлығын есіне сақтап қалады да, адамгершіліктен аспайтын, жамандыққа баспайтын, елін-жерін сүйетін азамат болып шығады. Жастар тәрбиесі күрделі іс. Жастарға қамқорлық жасау елдің болашағына қамқорлық жасау болып табылады. Бұл тұрғыда мектептегі тәрбие жұмыстары да сапалы болуы керек. Сондай-ақ, өскен ортаның да тигізер ықпалы зор. Халқымызда «Ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол» деген даналық сөз бар. Мұның астарында терең мағына жатыр. Жастар тәрбиесі ата-ана мен мектептің ғана емес, бүкіл халықтық іс. Жастарды тәжірибесі мол, көпті көрген қарттармен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, алтын, күміс алқалы ардагер аналармен кездесулер өткізіп, өмір мектебіне сабақ алуға баулу керек. Олардың көрген-білгендері, өмір жолдары жастарға үлгі-өнеге болады. Жан-жақты тәрбие алған жастар еліне, халқына адал қызмет етеді. Жастарға кәсіптік тәрбие берудің де маңызы ерекше. Ата-ана мен мектеп баланың бейіміне, қабілетіне қарай бағыт-бағдар беріп отыру керек. Оның өзінің сүйген мамандығын меңгеруіне көмектесу және мамандығы қандай болса да ата-ана оған кедергі жасамауға тиіс. Сонда ғана жас азамат өмірден өзінің лайықты орнын табады. Ал өмірден өзінің лайықты орнын тапқан жастардың қоғамға тигізер пайдасы да өз дәрежесінде болары сөзсіз. Өзінің ұнатқан ісін қолға алған азамат сол істің шебері болып шығады. Жастар тәрбиесіне айрықша мән беріп, оларды заманына лайық азамат етіп шығару аға ұрпақтың абыройлы борышы. «Болашақ» бағдарламасымен жастарымыз шет мемлекеттерде білім алып жатыр. Олар бітіріп келгеннен кейін мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға кепілдік берілген. Мұның өзі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға елдің болашағына жасап отырған қамқорлығы. Ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін-жерін сүйетін ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз қажет.
Мен Қазақстан Республикасында туып өстім,сондықтан біздің мемлекеттік тіліміз -ол қазақ тілі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.Қазақ тілі – ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады, ол алтай тілдері семьясының түркі тілдері тобына жатады
1989 жыл, 22 қыркүйек күні республикалық референдумда қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады.
Жастарға кәсіптік тәрбие берудің де маңызы ерекше. Ата-ана мен мектеп баланың бейіміне, қабілетіне қарай бағыт-бағдар беріп отыру керек. Оның өзінің сүйген мамандығын меңгеруіне көмектесу және мамандығы қандай болса да ата-ана оған кедергі жасамауға тиіс. Сонда ғана жас азамат өмірден өзінің лайықты орнын табады. Ал өмірден өзінің лайықты орнын тапқан жастардың қоғамға тигізер пайдасы да өз дәрежесінде болары сөзсіз. Өзінің ұнатқан ісін қолға алған азамат сол істің шебері болып шығады. Жастар тәрбиесіне айрықша мән беріп, оларды заманына лайық азамат етіп шығару аға ұрпақтың абыройлы борышы. «Болашақ» бағдарламасымен жастарымыз шет мемлекеттерде білім алып жатыр. Олар бітіріп келгеннен кейін мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға кепілдік берілген. Мұның өзі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға елдің болашағына жасап отырған қамқорлығы.
Ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін-жерін сүйетін ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз қажет.