В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История

Жер су аттарын қатыстырып менің ауылым немесе менің қалам тақырыбына мəтін құрау

Показать ответ
Ответ:
baharaliyeva
baharaliyeva
10.09.2020 12:21

Менің қалам

Талдықорған қаласы - Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстың орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында (теңіз деңгейінен 570-600 м биіктікте), Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан қала. Талдықорған - Алматы облысының орталығы.

Менің сүйікті қалам - Талдықорған. Ол маған өте ұнайды. Себебі, мен осы қалада тұрамын және білім аламын. Талдықорған- әсем қала! Оның жері кең, әрі байтақ, сонымен қатар, бұл жерде көп ұлтты адамдардың мекені деп айтса болады. Өйткені, бұл жерде басқа ұлттың адамдары тұрады. Атап айтатын болсақ: орыс, татар, өзбек, қырғыз, дүнған,ұйғыр, кәріс, қытай тағы да басқа ұлттың адамдары бар.  Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы жақсы дамыған. С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы, В.Маяковский атындағы кітапхана, М. Тынышпаев атындағы өлкетану музейі, І. Жансүгіровтің әдеби музейі, І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы, 7 халықтық көркемөнерпаздар ұжымы бар. Сондай-ақ, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi, медицина колледжі, Қ. Байсеитов атындағы музыкалық колледж, агро-техникалық колледж, 3 кәсіптік-техникалық лицей мен мектептер, жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді. Қала аумағындағы республика және облыстық деңгейде қамқорлыққа алынған мәдени-архитектура ескерткіштері санатында "Даңқ" ескерткіші (1968 ж. салынған), "Атамекен" кинотеатры (1950 ж.), Пионерлер үйі (көркем-сурет галереясы, 1957 ж.), № 3 кәсіптәк-техника мектеп ғимараты (1958), Сән ательесі (1959), қалалык әкімшілік ғимараты (1950), Аяқ-киім фабрикасы (1952), І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғимараты (1975), Ақ мешіт (1996), С.Сейфуллин атындағы кітапхана (1982), М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкелік мұражай (1980), т.б. бар. Калада Б. Римова атындағы облыстық драма театры, ардагерлер хоры, қуыршақ театры, көркемөнерпаздар тобы жұмыс істейді.

күннен- күнге әдемі ғимараттар салынып, көшелеріміз кеңейтіліп, Талдықорған қаласының атына сай көптеген әдемі ағаштар отырғызылып, жайнау үстінде. Сонымен қатар айта кететін жайт, соңғы жылдарда қаламызды байыта түсетіндей бірнеше мектептер-білім ордасы ашылда. Соның бірі менің сүйікті мектебім. Мен осы мектепте оқығаныма өте қуаныштымың және оны мақтан тұтамың.

Талдықорған арқылы Алматы-Өскемен, Семей-Алматы, т.б. бағыттарға автокөлік өтеді. Қалада темір жолы стансасы 1949 ж. салынды. Одан Көксу, Текелі, Қарабұлақ темір жолы стансаларына жүк поездары қатынайды. Орталық Азия, Ресей мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік беретін әуежай, теміржол станциясы бар. Жалпы мемлекеттік және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары тораптарының жүйесі арқасында қала Қазақстанның басқа да қалаларымен, Орталық Азиямен, Ресеймен және Қытаймен байланысып жатыр.

Менің өзімнің сүйікті қалама тілейтінім және де болашақ өскелең ұрпаққа айтарым осы қаламызды атына сай етіп гүлденуі үшін бар күшімізді салайық дегім келеді. Яғни, біздің қаламызды таза ұстап, оқушыларды жақсы оқып, ата-анамызға көмектесіп жүрсек, ол одан әрі гүлдене түсетініне мен сенімдімін!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота