Жер қыртысы тау жыныстарының қат-қабат қатталған аса ірі текше тастарынан тұрады. Жер қойнауындағы жай-
нап тұрған тау жыныстары баяу сырғып, төменгі қатпар
жарықтарының жiгiне құйылады. Соның салдарынан тас
қабаттары қозғалады да, біріне-бірі соқтығысады. Сол
жойқын қозғалыстардың себебінен жер астындағы қатты
қабаттар қопарылады. Соның әсерінен жер сілкінеді. Қатты
сілкіністен жер жарылады, үйлер құлап, жердің астына
түсіп кетеді.
Балалар! Оқүға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, үшқан құс та, жүрген аң да,
Жүмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақүлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы;
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа!
Кұлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
Тарту
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!