Әжесінің көңілі үшін молда болған Абай І мәтінде не туралы айтылады?
І. Бала көңіліне жиренішті көрінетін балгер сияты, бақсымен тең молда, қожа аз емес. Абай соны еске алып, төзіп, өз жайын мысқылдағандай болып, аз күлімсіреп отырды да, әжесінің басын құшақтай ап, сыбырлай шұбырта жөнелді. Кәдімгі дұғалық оқыған молдадай шарт жүгініп алып, түсін томсартып жіберіп, шешесіне төніп отырып:
Юзі раушан, көзі гауһар,
Лағылдек бет ұшы ахмар, - деп шұбырта беріп, даусын «тәбәрәк» оқыған молдаларша ұзайта создателей. Көзін жұмып, ернін жыбырлатып, әжесінің құлағын ашып «су-ф!» деп қойды. Бұл Науаи, Фзулиді оқып жүріп жазған өлеңі болатын. Бала шын дұғалық екен деушілердің шама-шарқын танып, мысқыл еткендей боп алдаңқырап келді де, енді даусын ашық етіп қатайтып алды. Ран аударған молдадай теңселе беріп:
Кәрі әжем естімейді, нана берсін,
Берейін өлеңіммен шын ұшықтап ... -
деп кеп, тағы да «су-ф-ф!» деп қойды. Үйдің іші енді сезіп, ду күлісті.
Әжесі де түсініп күліп, маңдайынан иіскеді.
Абай күлместен, мысқылдай қарайды.
- алай, құлағың ашылды ма? - деді.
- Е, жақсы боп қалды. Өркенің өссін, балам! -деп әжесі алғыс айтты.
Үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды. Қара сұр бала көптің көзі бір өзіне қадалғанда, қысылыңқырап қызарып еді. Бірақ көзінде жанған от білінеді.
ІІ. Ұлжан - тартымды, сыншы да ана. Биыл баласының ересек тартқанын байқап, жаңағы мінезіне ойлана қарап, ақырын мырс етті де:
- Балам-ау, аладан молдалық әкеледі десем, нағашыңа тартып қайтқанбысың, немене? - деді.
Шешелері мен жеңгелері Абайдың нағашыларын, өлерінде: «Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмеске болмас!» деп кеткен Тонтай сөздерін есіне алып, шамалы күліп алысты.
- Апа-ай, енді бақсы-құшынаш болғанша, Тонтекеңе тартқаным көш ілгері емес пе? - деп, Абай иле жауап берді.
- Жарайды, ендеше, ержетіп қапсың, балам! - деді шешесі.
ІІІ. Неміс ғалымы Георги . Бақсылар пұтқа табынушы шамандарға ұқсайды. Мұндай даңққа әлем тарихында Нострадамус, Ванга ие болған. Қазақ тарихында Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы - атақты емші, Майқы би - көріпкел болып есептеледі. Дәстүрлі медицина мен дәрігер-мамандарға дейін, олардың алдында адам физиологиисы мен анатомиясын өзіндік әдіс-тәсілдерімен түйсінген. Түрлі тәжірибелердің көмегімен жұқпалы аурулар мен қабынуларды емдеудің қажетті тәсілдерін таңдап, дәрі-дәрмек пен жақпа майлар дайындаған халық арасынанұйгіліма ғғіліма ғ14 ғасырдағы бүкіл Дешті Қыпшақта ең білгір Салттық бақсы және оның үйленуі туралы ел ішінде талай жырлар мен аңыз-әңгімелер қалды.
Молда бала атануы
Жас Абайдың әжесін үшкіруі
Халықтың ықыласына бөленуі
Үлкендердің бала мінезіне сүйсінуі
Артқа
Тексеру

Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.