В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
PdAl
PdAl
09.03.2023 08:18 •  Қазақ тiлi

«Жол белгілері мен таңбалары»,жол ережелерін сақтау туралы шағын мәтін жаз.

Показать ответ
Ответ:
татар13
татар13
13.11.2020 23:28
Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Інім екеуміз терезе алдында отырмыз. Сыртқа шыға алмаймыз. Апам рұқсат етпеген. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс мезгілі болса да, қала іші түнеріп тұр. «Бр-р...» Өн бойымыз әлденеге діріл қағып, жаурағандай сезіндік өзімізді. «Ух, қандай суық еді!..» Сәлден соң күн ашылды. Ауыр- ауыр бұлттар тарқап, қиғаштай құйылған нұрлы шуақтан айнала құлпырып, мамыражай күйге енді. Інім екеуміз сыртқа шықтық. Иілген қайың бұтағындағы жұқа, сары жапырақтар самалмен дірілдеп тұр. Біз бақ ішіне кірдік. Бақ іші сары бояуға малынып тұр, тып- тыныш. Жаздағыдай құстардың әсем үні естілмейді. Тек табан астындағы тапталған жапырақтардың судыр- судыр еткен дыбысы бақтың тыныштығын бұзғандай.Інім сары жапыраққа алақанын тосты. «Қап, тесіліп қапты!» деді. Аяп тұр. Кенет сусылдап, күнбатыстан суық жел соқты. Ағаш жапырақтары ұша жөнелді. Біз үлкендердің «үстеріңді лас қылмаңдар!» дегенін ұмытып, жұп- жұмсақ жапырақтардың үстінде аунап ойнадық. Қайың, үйеңкі жапырақтарынан гүл шоқтарын жасадық. Ауа зілдене түсті. Көгілдір аспанға шыға келген бұлттар бірте- бірте қоюланып, жаңбырдың лебі есті. Әуелі ірі- ірі тамшылар батылсыз тамды да, кейін үдеп кетті. Жаңбыр тамшылары есікті, терезені, қаңылтыр шатырды қақылай жөнелді. Көше іші суға толып, ойық жерлерде көлшік пайда болды. Адамдар оны «жаңбырлы күз», «суық күз», «қара күз» деп, айыптап жатады. Ал біз оны «алтын күз» дейміз. Біз алтындай сап-сары жапырақтардан гүл шоқтарын жасап алып, үйге қарай жүгірдік. Апам бізге ұрыспайды!
0,0(0 оценок)
Ответ:
askal1
askal1
13.11.2020 23:28

Күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Күн сирек көрініп, аз жылытады.

Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа

ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да

тізіліп ұшып барады. Күзде күн суытып, барлық жан- жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Сонымен қатар бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтып жүрміз. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялатыны белгілі. Күздің сұлулығына көзің тоймайды.

Күздің байлығы- бау- бақшамызда әбден пісіп жетілген көкөністер мен жемістер, егіннің иіліп тұрған бастары, қап-қап картоп, малдың, құстың, аңның әбден семірген кезі. Дастарқаның молшылыққа , ет пен майға толы кезең. Сонымен қатар күз кезінде қауырт жұмыс, қысқыға дайынындық. Күздің соңғы күндерінде дала есігін айқара ашып, кіріп келетін қысқа деген дайындық кезі. «Күздің бір күні, қыстың бір айын асырайды» деп дұрыс айтылған. Күзде ерінбей еңбек етсең, қыста қысылмай өмір сүресің. Жауын – шашынның көбеюі, күннің суытуын, желдің суық ызғарынан күздің келіп қалғанын да білеміз. Күзде күннің көзі жиі жылулығын жер бетіне сыйлайды.

Сол себептен әр адам күздің ашық күнін пайдаланып, астығымызды жинауға кіріседі. Күздің белгілерінің бірі – орманның сұлулығынан және көңілсіздігінен байқауға болады. Күз бен көктем бояулары, жалғыз күздің өзін де – ақ көрініп тұр. Сарғайған жапырақ және қурап үлгермеген шөп – күзге әсемдік, сұлулық береді. Ағаштың бейнесінен қуаныштың, қайғының көңіл күйін байқауға болады. Күз келгенде біз қуанамыз . Мектепке барып білім аламыз . Бойымыз да ойымызда өседі .

Күз мезгілі мерекелерімен де керемет! Қоңыр күзді алғашқы күні барша балалар «Білім күні» мерекесін қуанышпен қарсы алады. Бұл мереке барлық буындағы адамдардың жанына ортақ мереке. Сонымен қатар күз айының бір уақытында «Алтын күз», «Құрбан айт» мерекелерін де ел болып тойлаймыз. Қыркүйек айында тілдер мерекесін де тасадан тыс қалдырмаймыз. Қазан айында қарттар күнін, ұстаздар мерекесін де ұмытпаймыз. Күздің соңғы кезеңі қараша айына келіп тіреледі.

Күзіміз неткен көңілді! Күз мезгілі қандай тамаша! Күз дегеніміз – байлық, молшылық

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота