В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
иска4578
иска4578
21.01.2020 21:35 •  Қазақ тiлi

Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді. Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.

1-2 Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, себебін дәлелдеңіз.

[2]
3. Қарамен жазылған сөздер мәтінде не үшін қолданылған?

[1]
4. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді автор қандай мақсатта қолданған?

[1]
5. «Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады» сөйлемі арқылы қазіргі жолаушыға баға беріңіз

Показать ответ
Ответ:
КАНЯ1111111111
КАНЯ1111111111
24.05.2020 20:43

ответ:көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығыэволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды

Объяснение:Пайдасы Тисе Болды

0,0(0 оценок)
Ответ:
DEKTG
DEKTG
07.12.2021 20:02

Жауаптары:

Білу

1) Бес нәрсеге асық,бес нәрседен қашық бол дейді.

2) Бес дұшпан:өсек,өтірік,мақтаншақ,

еріншек,бекер мал шашпақ.

3) Бес асыл іс:талап, еңбек, терең ой,қанағат,рақым.

4) Ғылымды таппай мақтанбау керектігін,бір ғалымды көрсең,ондай бола алмаймын деп айтпа дейді.Болмасаң да,ғалым болуға тырысу керек дейді.Жанбай жатып сөнсеңіз,ғылымды сізге ешкім бермейтіндігін айтады.

Түсіну

1) Адам болу үшін бес нәрседен қашық боп,бес асыл іске асық болу керек.

2) Сен біреу үшін білім үйренсең сенің білгенің бекерге кеткені.Өзің үшін оқып-білу керек.

3) Себебі,сол жақсы қасиеттерден жақсы істер жасалады.

Жинақтау

Өлеңнің басты идеясы - жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы,алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі,міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау.

Қолдану

2) Кестені толтыру

Асыл іс. Бес дұшпан.

1 талап. өсек,

2 еңбек. өтірік,

3 терең ой. мақтаншақ,

4 қанағат еріншек,

5 рақым бекер мал шашпақ.


6класс, казахская , по произведению ғылым таппай мақтанба абая құнанбайұлы. білу 1) ақын қандай нәрс
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота