В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ефим30
ефим30
25.08.2021 02:45 •  Қазақ тiлi

Жылқы малына қатысты нақыл сөздерді жинап , шыгармамен байланыстырып , « Қазақ жəне жылкы мінез » деген тақырып мақала жазыңдар .​

Показать ответ
Ответ:
vitya48
vitya48
08.11.2021 10:40
2. «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым екені белгілі. Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіз?  Жауабыңызды сипаттап жазыңыз. “Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды. “Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы 8, құстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді.1991ж.“Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушылардың түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен, шаянтәрізділердің жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 961, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. Барыс – Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Саны 200-ден аспайды. Жылдан-жылға азайып бара жатыр. Себебі – азық қорының азаюынан саны кемуде. «Қызыл кітапқа» енген, қорғауға алынған. Қарақұйрық– сүтқоректілер класының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда Үстірт пен Маңғыстауда, Арал өңірінде, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдаланың оңтүстігінде, Оңтүстік Балқаш өңірінде (Тауқұм, Сарыесікатырау) кездеседі. Соңғы жылдары Қара Ертіс өзенінің жағалауындағы құмдарда көрініп жүр. Тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101 – 126, шоқтығының биіктігі 67 – 79 см. Текесінің салмағы 22,0 – 41,0 ешкісінікі – 20 – 34 кг.Қорегі – 70-тен аса шөптесін өсімдіктер мен бұталар. Ылғалы мол жас шөптермен қоректеніп, қар мен жаңбырдан жиналған қақтардан су ішіп, шөлін қандырса, қыста қар жалайды. Қазанның аяғынан желтоқсанның ортасына дейін күйлейді. 5 – 5,5 ай буаз болып, сәуірдің аяғынан маусымның аяғына дейін (жаппай төлдеу мамырдың екінші жартысында) лақтайды. Көбіне 1 – 2 лақ (егіз басым), кейде 3 – 4 лақ (өте сирек) табады. Жаңа туған лақтың салмағы 2 – 3 кг, дене тұрқы 48 – 58 см. 5 – 10 күнде шөп шалып, 3 айдан аса енесін емеді. Жас төлдер тез өседі: алғашқы 10 күнде 4,5 кг, бір айда – 9,0 кг, 6 айда – 15,0, бір жаста салм. 20 кг-нан асады. Шыбыштары 7 – 8 айда, серкештері 1,5 жаста жыныстық жағынан жетіледі.Текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара-қоңыр түсті. Ұзындығы 33 – 43 см болады, ешкілері – тоқал. Құйрығы кішкентай, қара-қоңыр түсті. Тұяқтары кішкентай, қара түсті, сопақша әрі үшкір келеді. Тері жамылғысы құм тектес, сарғыш-сұр. Көз алды, шат, тұяқ аралық иіс бездері, көру және есту мүшелері жақсы жетілген, осылар арқылы бір-бірімен тез табысады. Тастақты, құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекендеуге бейімделген. Қоныстарын жыл маусымдарына қарай, қыста сексеуіл, жыңғыл өскен бұйрат-бұйрат құмдарға, жазда шөлді жерлерге қарай қоныс ауыстырып отырады. Тау етектерінде, теңіз деңгейінен 2500 – 3000 м биіктікте де кездеседі (мыс., «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында). Күйіс қайырып, демалу және ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғану үшін тұяқпен тарпып қазуға оңай жұмсақ топырақты жерлерден шағын (60х30 см) жатақтар жасайды.Қарқұйрықтың жаулары – қасқыр, түлкі, қарақал және бұралқы иттер, құстардан: бүркіт, қарақұс. Аусыл және туляремия ауруларымен ауырады. Дәмді еті мен терісі үшін көп ауланған. Терісінен сырт киім, жазғы аяқ киім, мәсі тігіледі, саба және қауға жасаған. Қазір саны аз, Қазақстанда бар-жоғы 13 – 15 мыңдай. Оның 5 – 7 мыңы «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында, қалғаны Үстірт қорығы мен Ақтау – Бозащы қорықшасында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Объяснение: СДЕЛАЙТЕ ЛУЧШИМ ОТВЕТАМ
0,0(0 оценок)
Ответ:
anonimka2018oz5x7j
anonimka2018oz5x7j
08.11.2021 10:40

Әр адам бір мамандық иесі болғысы келеді.Ол мамандығының жемісін көргісі келеді. Адамның ойлау қабілеті, арманы жасына байланысты екен. Мысалы, мен мектеп табалдырығын аттамас бұрын әнші ,актриса болғым келді. Ал мектеп табалдырығын аттаған соң мұғалім болғым келді. Өсе келе журналист мамандығына қызықтым. Қызыққаным сонша журналист мамандығына тоқтадым. Қарап тұрсам,достарымның көбісі дәрігер болам деп жүрді. Өзім ақ халатты абзал жандарды құрметтеймін. Бірақ,ешқашан дәрігер болмаймын және ол жайлы ойламаймын да. Менің болашақ мамандығым-журналист. Яғни, тележүргізуші болу арманым.Тележүргізушінің сөйлеу мәнері ерекше. Шіркін, тележүргізуші болып еліме адал қызмет еткім келеді және менің парызым деп білемін. Көптеген адамдар өз мамандығын, жұмысын пайдаланып жатады. Мен ондай адамдардың қатарыннан емеспін және ондай адамдарға ұқсағым келмейді. Тележүргізуші болсам, халыққа танымал адамдардан сұхбат алсам,былай қараса түсім сияқты көрінеді. Бірақ, шынымен де өмірде орындалса,дүниедегі ең бақытты жан болар едім. Сонда ата-анам мені мақтан тұтар еді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота