Жақсы іс. Біздің қалада балалар үйі бар. Онда ата-аналары тастап кеткен немесе ата-аналары қайтыс болған балалар тәрбиеленеді. Жаңа жыл қарсаңында сынып жетекшісі мектебіміз сол балалар үйіне көмек көрсететінін және балаларға мерекелік қойылым қойылатындығын айтты. Біздерден бұл жақсы іске қатысқысы келетіндерің болса маған жолығыңдар,- деді. Біз бұл іске бүкіл сынып болып қатысатындығымызды айттық. Отызыншы желтоқсанда бәріміз балалар үйінде болып, балаларға әзірлеген сыйлықтарымызды табыс еттік, шағын концерт қойдық. Балалар мәз болды. Апайымыз, бұл бір жақсы іс болды, барлығыңа рахмет,- деп бізге алғыс айтты. Балалар үйінің қызметкерлері де риза болып, осы жақсы іс жалғасын тапсын деді.
Қазақтың ұлттық киімдері өте әсем, әдемі. Бас киімдері ер адамдарда тымақ, бөрік, тақия, құлақшын болады. Тымақ қыста өте ыңғайлы жылы. Оны аң терісінен тігеді, мойынды, құлақты, маңдайды толық жауып тұрады, тымақ кисең басың ешқашан тоңбайды. Бөрікте қыста киюге арналған бас киім, айналасы әдемі аң терілері, төбесі масаты. Тақия күнделікті, үйде киетін, жаз мезгілінде далада да киюге болады. Қыздардың бас киімі тақия, сәукеле. Әжелердің бас киімі кимешек, ақ жаулық. Аяқ киімдері етік, мәсі, кебіс. Етіктері ұзын қонышты сапта етік деп аталады, және кәдімгі етіктер де бар. Мәсі ерлер де әйелдер де киетін аяқ киім, сыртқа шыққанда оның сыртынан міндетті түрде кебіс киеді.
Біздің қалада балалар үйі бар. Онда ата-аналары тастап кеткен немесе ата-аналары қайтыс болған балалар тәрбиеленеді. Жаңа жыл қарсаңында сынып жетекшісі мектебіміз сол балалар үйіне көмек көрсететінін және балаларға мерекелік қойылым қойылатындығын айтты. Біздерден бұл жақсы іске қатысқысы келетіндерің болса маған жолығыңдар,- деді. Біз бұл іске бүкіл сынып болып қатысатындығымызды айттық. Отызыншы желтоқсанда бәріміз балалар үйінде болып, балаларға әзірлеген сыйлықтарымызды табыс еттік, шағын концерт қойдық. Балалар мәз болды. Апайымыз, бұл бір жақсы іс болды, барлығыңа рахмет,- деп бізге алғыс айтты. Балалар үйінің қызметкерлері де риза болып, осы жақсы іс жалғасын тапсын деді.
Аяқ киімдері етік, мәсі, кебіс. Етіктері ұзын қонышты сапта етік деп аталады, және кәдімгі етіктер де бар. Мәсі ерлер де әйелдер де киетін аяқ киім, сыртқа шыққанда оның сыртынан міндетті түрде кебіс киеді.