Зигфрид Вагнер деп айтуға тілі келмеген Ахмет шал оны қазақшалап Зекен деп атады. Өзіндегі бар мейірімін, ұлттық қасиетін осы Зекен бойына сіңіруге тырысты. Сондықтан Зекен бірден өзінің туған үйіне тап келгендей сезінді. Бөтенсімей, сіңіп кетті. Әке мен ананың ыстық құшағы, жұмсақ алақаны, махаббаты Зекенді қазақ ұлы етіп жіберді. Үш-төрт аптаның ішінде аяғын күс басқан қара сирақ, қара торы бала болды да шықты. Бірақ түр-тұлғасы әлі де бөлек. Тұнық көкпеңбек көзі, ақшыл сары кірпігі мен қасының өзінен бұл баланың бөтен расаның өкілі екені айқын танылатын.
(М.Мағауин, 84 сөз)
1 – тапсырма. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз. Определяйте правильность и неточность информации на основе текста
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Хабарлы сөйлемдер:
Бүгін біздің мектебімізде қалалық шет тілдер Олимпиадасы өткізіледі.
Келесі аптада қаламызға кезекті сапарымен облыс әкімі келмекші.
Ертең сенбілік сағат тоғызда басталатын болды.
Сұраулы сөйлемдер:
Қазақ тілінен үйге қандай тапсырма берілгенін айтып жібересің бе?
Республикалық «Абай оқуларына» сендердің мектептен кім қатысатын болды?
Ертеңгі жиналыс уақыты неліктен өзгертілді екен?
Лепті сөйлемдер:
Көктем келіп, күннің жылынғаны қандай тамаша!
Бәрекелді, мен сенің жеңісіңе сенімді болып едім!
Ендігәрі, терезеге мінуші болма! Құлап қаласың!