Мұрат Мөңкеұлының мұрасын салмақтап-саралаған кезде бірқатар ерекшелікті байқаймыз. Оның барлық өлең-толғауларына, айтыстары мен арнау өлеңдеріне, термелері мен жырларына ел мен жер тақырыбы арқау болды. Мұрат шығармалары дегеніміз – туған өлкенің шежіресі, Атыраудың энциклопедиясы, әрі Жайық жағасындағы елді мекендердің ономастикалық бет-бейнесі. Мұрат Мөңкеұлының шығармалары әр жылдарда бүгінгі қазақ жерінен тысқары қалаларда жарық көрді. Мәселен, 1978 жылы «Үш қиян» толғауының аудармасын Ленинград қаласынан шыққан «Поэты Казахстана» атты антологияға енді. Өз жерімізде басуға тиым салған Мұрат жырлары кеңестік дәуірде-ақ түндер қаласында асқақтап тұрды. Америкалық ғалымдар да оның толғауларын талдай отырып, «Мұрат тығырықтан шығар жол іздеп, «замананы қалай жөнге келтіреміз?» деген сауалға жауап таппай қиналды» деп қазақ әдебиетінде бірнеше рет айтылған дәстүрлі қорытындыға келеді. Ең бастысы, ағылшын ғалымы Томас Виннер зар заман әдебиетінің табиғатын таниды, әлеуметтік-тарихи себептеріне үңіледі, халық тағдырымен тамырластығына назар аударады. Бұл зерттеу осынысымен де биік тұрады.