В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
AlinaRoz
AlinaRoz
21.09.2022 14:05 •  Литература

"қазақтың абыройы Абаймен биік" тақырыбына эссе 100-150 сөз

Показать ответ
Ответ:
GDI1
GDI1
14.02.2021 09:27

Қазақ – табиғатында кеңдікті, дарқан­дықты жақсы көретін халық. Сон­дықтан ұлымыздың қанындағы адами құндылықтар, барлық қасиеттер кең болу, жомарттық, адалдық, ар, намыс, ұят, адамгершілік, абырой, тәрбие ұғымдарымен астасып жатыр. «Кең болсаң, кем болмайсың», «Біреудің ала жібін аттама», «Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы», «Жарлы болсаң да, арлы бол», «Өлімнен ұят күшті», «Қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер», «Ел болам десең, бесігіңді түзе» және т.б. мақал-мәтелдерді, даналық сөздерді құлағына құйып өсетін қазақ философиясы аталмыш адами құндылықтарды жоғары қояды. Әсіресе ұят, абырой, адамгершілік намыс ұғымдарының тілдегі бейнеленуі, лингвофилософиялық көрінісі кең әрі жан-жақты талдауды қажет етеді. Себебі сөз арқылы, сөздің астарымен мәні зор ұғымдарды жеткізудің шебері атанған қазақ халқының тілмен тәрбиелеу құдіреті күшті. Сондықтан қазақтың әрбір даналық сөзінде үлкен тарихи оқиға, философиялық терең ой, ұлттық тәрбие негізі жатыр. Қазақ қоғамдастығында қалыптасқан адамгершілік ұғымдары жалпыадамзаттың құндылықтарымен үндеседі. «Әсіресе жас ұрпақтарды адамгерші­лік­ке тән құндылықтарға сөзбен былайша тәрбиелейді: – елді, жұртты сыйлау (көпті жаман­даған көмусіз қалады, елді жамандаған елеусіз қалады, т.б.); – ананы, қызды ардақтау (ананың ақ сүті, Меккеге жеті рет арқалап апарсаң да, анаңның алдындағы парызың өтелмейді; Қызды сөкпе, тұзды төкпе); – қарттарды құрметтеу (ақ сақалды, сары тісті бол; кәрілікке жет; ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең, т.б.); – ұжымшыл болу (жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас, у ішсең руыңмен), досқа адалдық, көршімен сыйластыққа, т.б. тәрбиелеудің, яғни әлеу­мет­тендірудің негізі болды» («Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi», энцик­лопедия, 1-том). Ұят – ең қадірлі қасиет. Адамзат бойын­да табиғи берілетін ұлы құндылық. Ұят – жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық. Қазақта «Өлімнен ұят күшті», «Ақылың болса арыңды сақта: ар-ұят керек әр уақытта», «Еңбек — өмірді ұзартады, ұят — бетті қызартады», «Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді» деген мақалдар қазіргі уақытта жиі қолданылады. Бала тәрбиесінде де, отбасында да осындай тілдік құндылықтар арқылы ұлттық болмысымызды дұрыс сақтауға тырысып келеміз. Ұят туралы ұлыларымыз да айтып кеткен. Хакім Абай атамыз отыз алтыншы қара сөзінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деген. Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Мен ұят деген сөзді өте жоғары бағалаймын. Ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адам­шы­лықтың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қа­зығы – ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы, қаныпезерлер ұяты жоқтан шығады. Ұят – ең қымбат қасиет, ұяттыда иман бар» деп дәйектеп көрсеткен болатын. Махмұд Қашқари «Ұяты бармен – ұрыс, Ұятсызбен – ұстаспа» десе, Жүсіп Баласағұн «Бар бәледен ұят сақтайды. Барлық жақсы істің байламы да ұятта», «Ұят – жаман ойдың жүгені», «Пәле-жала жолын ұят кеседі, Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі. Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп, Жарасады қуанышқа көрік боп. Адал ар мен ақ көңіл де еленер – екі жалған бақытына бөленер» деп даналық айтқан еді. С.Сараи «Ұятсыз адам иттен де жаман» деп теңеген болатын. Ә.Науаи «Опасызда ұят жоқ, Ұятсызда опа жоқ» деген еді. Шынында, ұяты мол адам жамандыққа бармайды. Себебі оның бойына ізгілік қасиет ұялаған. Ертеректе, «ұят болады» деген ырым-тыйымдармен жас ұрпақты әдепсіз қылықтардан аулақ болу үшін тәрбиелеп отырғаны да белгілі. Қазақы дәстүріміздегі әрбір жосын-жоралғы, тыйымдардың дұрыс орындалуының өзі ұят пен адалдықтың өлшемі болған. Опасыздық, дөрекілік, қастандық жасалғаны үшін ұялған жалпыадамзаттық болмысқа тән шығар. Ал қазақ үшін ұяттың шегі тым кең. Қазақ гигиеналық, дәстүрлік, сыйластық, ағайын-туыс арасындағы қарым-қатынас ретінің нормаларын «ұят болады», «әдепсіздік» деген түсінікпен тәрбиелеп отырған. Мысалы, қонаққа қоғамдағы әлеумет­тік мәртебесіне сай, өзіне тиісті жілік мүшесін тартпау немесе шатастырып, ауыстырып жіберу ұят саналған және адамды қорлаудың белгісі болып саналады. Мұндай жаңылыс қонақтардың өкпе-ренішінің тууына әкеліп соғатын. Сондай-ақ қазақта ас беруге қанша халық келсе де, олардың ешқайсысы ас беру барысында тамақтың тапшылығын сезбеуі тиіс. Бұл дәстүрлі ортада бұлжымас қағида болып орныққан. Қонақты күту, сыйлау көбінесе әйел адамға қатысты болады. Сондықтан қазақ әйелдері қонақты сыйлау, күту мәселесін терең меңгерген және оны бала тәрбиесінде қатаң ұстанады, егер үйде ата-анасы болмаған жағдайда баласы келген қонақты үйге кіргізіп, қонаққа шай береді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Литература
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота