Біз өлкетану мұражайына саяхатқа
бардық. Мұражайдағы көне заттар қойылған
бөлмеге кірдік. Мұражай қызметкері бізге көне
қазанды көрсетті. Ол туралы әңгімелеп берді.
- Қазақ халқының өмірінде қазанның алатын
орны ерекше. Өйткені ол – ең басты тіршілік
құралы. Халық оны жай ғана қазан демей, «қара
қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара
сөзі «қасиетті, киелі, берекелі» деген ұғымды
білдіреді. Сондықтан да қазақ халқы қазанды
сыйға бермеген, - деді.