- Оле-Лукойе, жоғары өрлей берсек, қайда баратынымызды білесің бе?-деп қыңқылдады тағы да Дастан, алғашқы сұрағын қайталап.
- Әрине, аспанға.
- Аспан емес, ғарышқа де.
- Ғарыш деген не?
- Ғарыш деген де аспан, айырмасы- одан тым алыста.
- Жерден жырақ, алыста мен ешқашан болған емеспін, -деп Оле-Лукойе шынын айтты.
- Қаласаң барайық.
Олар биіктей берді.Биіктей-биіктей көрінбей кетті.Кенет күймешана жеп-жеңіл боп, ал аттары мақтадан жасалған ойыншықтай қалықтап, бұлардың өздері де отырған орындарынан ажырап, бейне су ішінде жүргендей жеңілдеп сала берді.Оле-Лукойе қатты састы, жалма-жан қарманып, Дастанның қолынан ұстамақ боп еді, саусағы шалғайына әзер ілікті.
- Оле-Лукойе, бекем бол, біз салмақсыздыққа тап болдық! Бері жақындап, қолымнан ұста!Міне, сол қолым.Ажырап кетсек, мәңгі бөлінгеніміз дей бер.Таяқшаңды түсіріп алма! -деп дауыстады Дастан.Оле-Лукойе Дастанның қолынан тас қып ұстап алды.
- Міне, осылай.Енді орындыққа отыруға тырысайық.Бірін-бірі сүйемелдеп шанаға қанша отырмақ болғанымен салмақсыздық оларды жайғастырар емес.Дастан делбенің бір ұшымен шананың екеуін шанаға байлап қойды.
- Біз енді жерді айналып, осылай қалықтап ұша береміз, ұша береміз.Ғажап, қой, ә...!
2) Дастанның «таяқшаңды түсіріп алма» деуінің сыры неде деп ойлайсы
ответ:таяқты түсіріп алма дегені бұл оленың сиқырлы шатыры
Объяснение: