Ауыл шаруашылық экологиясы, агроэкология (грекше agros — дала, oіkos — үй, тұрақжай және logos — ілім) — қолданбалы экологияның бір бөлімі.
Household of Muscovy Duck.JPG
Ол қоршаған ортаның биотикалық, абиотикалық факторларының және агробиоценоздардың өсімдік дақылдарының өсіп-өнуіне әсерін, сонымен қатар ауыл шаруашылығы танаптарында тіршілік ететін организмдер бірлестігінің құрылымы мен өзгеруін зерттейді. Ауыл шаруашылығы экологиясының теориялық және практикалық негіздерін және зерттеу бағытын Италия ғалымы Дж. Ацци (1956) мен неміс ғалымы В.Тишлер (1965) анықтаған. Ауыл шаруашылығы экологиясының қалыптасуына Н.И. Вавиловтың, Г.Я. Бей-Биенконың, М.С. Гиляровтың, К.Фридерикстың, Т.Вермидің еңбектері, әсіресе олар ашқан табиғи және агробиоценоздардың құрылымдық ерекшеліктері мен елеулі айырмашылықтары, адам игерген жерлердегі жан-жануарлар дүниесінің өзгеру заңдылықтары үлкен ықпал етті.