В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Аня4678
Аня4678
14.11.2022 18:38 •  Другие предметы

1. ответьте на теоретические вопросы. 1.1 выскажите своё отношение к следующим определениям культуры. попытайтесь дать собственное определение культуры, аргументируйте вашу точку зрения. - «культура – деятельность людей по воспроизведению и обновлению социального бытия, а также включаемые в эту деятельность ее продукты и результаты. социальное бытие не существует само по себе, безотносительно к его воспроизводству людьми; в этом, собственно, и состоит его отличие от природы». (современный философский словарь. м., бишкек; екатеринбург. 1996. с. 255) - «культура, или цивилизация, в широком этнографическом смысле слагается из знаний, верований, искусства, нравственности, законов, обычаев и некоторых других и привычек, усвоенных человеком как членом общества». (тайлор э.б. первобытная культура. м., 1989. с. 18) - «истинная суть и смысл культуры – в органическом отвращении ко всему, что грязно, подло, лживо, грубо, что унижает человека и заставляет его страдать». (м. горький) - «есть в мире движущаяся параллельно силе смерти и принуждения ещё одна огромная сила, несущая в себе уверенность, и имя ей – культура». (а. камю) - «культура – это тоненькая яблочная кожура над раскалённым хаосом». (ф. ницше) 1.2 прокомментируйте тезис о том, что человек выступает одновременно как творец культуры и ее продукт. 2

Показать ответ
Ответ:
GoogliCC
GoogliCC
05.09.2021 03:06

Көптеген адамдар өртті өздеріне қатысы жоқ, немесе олардың кесірінен болмайтын нәрсе деп қарастырады. Алайда өрт жағдайларының жартысынан астамына адам факторы – отты пайдаланудағы бейқамдық пен абайсыздық  себеп болып жатады. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін барлығы білуі тиіс.  

Ең әуелі кез келген бейтаныс ғимаратқа кіріп бара жатқанда, жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосалқы есіктердің орналасуына мән беріңіз. Егер де «Өрт!» деген айқайды естісеңіз немесе түтін иісін сезсеңіз, не болмаса жалын байқаған болсаңыз, өрт сөндіру қызметіне хабарлаңыз.  

Сабырлылық пен ұстамдылық сақтауға тырысыңыз, қасыңыздағы адамдарды тыныштандырыңыз.  Жағдайға баға беріңіз, шын мәнінде қауіп төніп тұрғанына көз жеткізіңіз, оның қайдан пайда болғанын анықтаңыз, содан соң сабырмен, үрейге бой алдырмай қарама-қарсы бағытта есікке қарай жылжыңыз.  Топ ішінде келе жатқанда, қартаң адамдарға жол беріңіз, байбалам салушыларды тоқтатыңыз.  Қорқыныш салдарынан қозғала алмай қалғандарға көмектесіңіз, олармен байсалды, түсінікті түрде сөйлесіңіз.

Тобыр ішінде қалсаңыз, шынтағыңызды бүккен күйде қолдарыңызды қос бүйіріңізге қойыңыз да, жұдырығыңызды түйіңіз. Кеудеңізді шалқайтып, аяғыңызды алға тіреп, тегеурінді арқаңызбен тоқтатуға тырысыңыз, сөйтіп алдыңызды босатып, асықпай жылжыңыз.  

Түтіні қалың жерлерге кірмеңіз! Заманауи ғимараттардың тұрғызылуында жанған кезде уытты заттар бөліп шығаратын пластик, синтетика көп пайдаланылады. Бірнеше рет тыныс алсаңыз-ақ болды, уланып өліп кетуіңіз мүмкін.  

Бөлмелердің, дәліздің түтінге толғанын көрген сәтте түтін жете қоймаған басқышқа немесе есікке қарай жүріңіз, тек лифтке кіруге болмайды. Өрт кезінде лифтті пайдалануға мүлде тыйым салынады. Қабырғалардан, тұтқалардан ұстаңыз, қол орамал немесе киім сыртынан дем алыңыз.  Егер де түтін қоюлана бастайтын болса, еңкейіп немесе жер бауырлай жылжыңыз. Ал егер температураның жоғарылап бара жатқанын сезсеңіз,  демек қауіпті аймаққа жақындап қалдыңыз деген сөз. Мұндайда ең дұрысы – кейін шегіну.  

Егер қалың түтіннің, жоғары температураның және өрттің кесірінен басқышқа немесе дәлізге шыға алмайтын болсаңыз, есікті мықтап жауып, тез арада кейін қайтқаныңыз жөн. Ал есіктің жарықтары мен желдету саңылауларын дымқыл шүберекпен бітеңіз.    

Түтіннің қалыңдығы қауіпті деңгейге жетіп, ғимараттағы температура тым артқан болса, есікті жақсылап жауып, балконға, лоджияға шығу керек. Суланған жапқыш немесе басқадай қалың матаны ала шығыңыз, өрт есік немесе терезе ойықтарынан  өткен жағдайда сонымен қымтанасыз. Алайда бұл қорғаныш ұзаққа бармайды.  Балкон болмаған жағдайдағы сіздің соңғы мүмкіндігіңіз – қабырғадан ұстап, терезе алдындағы тақтайға (ернеуге) шығу.    

Егер де төменде өрт болмаса, ал бөлмеде қалу қауіп туғызса, өрт сөндірушілер басқышы арқылы астыңғы қабатқа түсуге тырысыңыз. Өзіңізді қорғау үшін өрт сөндіру жеңін де пайдалануға болады.  Бір-біріңізді сақтандыра отырып, жеке-жеке қорғануға кеңес етеміз.  Әрине, бұл өмірге қауіп төндіреді, алайда басқадай амал қалмайтын жағдайлар бар.

Егер де түтіні қалың дәліз арқылы шықпақ боп шешсеңіз, (ал ол өте қауіпті), суланған қалың матаны жамылып, еңкейе немесе еңбектей қозғалыңыз.  Қалың мата сізді түтіннен қорғайды  және от жалындап, қызуы артқан шағын телімдерден секіріп өтуге мүмкіндік береді. Ал егер от толқынының өзіңізге жақындап келе жатқанын көрсеңіз,   матамен басыңызды қымтап, ойланбастан жерге жата кетіңіз,  бұл сәтте ішкі ағзаларыңыздың күймеуі үшін тыныс алмағаныңыз жөн.

Отты өршіте түсетін нәрселер:

перделер

киім  

кілем жабындары  

жиһаз, пластик қаптамалар  

өрт және жарылыс қаупі бар заттар

Мына жағдайларда жұт белең алады:

өрт хабарлағыш жоқ болса немесе істен шықса  

эвакуациялық көшіру жолдары болмаса немесе оларға заттар қойылып тасталса

өрт сөндірушілер дер кезінде шақырылмаса

терезе торларын ашу мүмкін болмаса.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kjkrf2300
kjkrf2300
14.06.2021 21:29

Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген академик Қаныш Сәтбаев – қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс. Ол аса көрнекті ғалым-геолог қана емес, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, әлемдік өреге көтерілген ойшыл ғұлама. Қаныш Имантайұлы мемлекет және қоғам қайраткері ретінде, ғалымдығы мен шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Қазақстанның индустриялық даму жолындағы өркениетті үрдістің көш басында болып, кемеңгер ғалым атанды. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12-сәуірде Семей облысы (Павлодар уезі), Ақкелін болысының № 4 ауылында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Теңдік ауылы) өз уақытында қазақтың игі жақсыларына белгілі болған ауқатты әулетте дүниеге келген.

Болашақ ғалымның әкесі Имантай Сәтбаев ауыз әдебиеті мен өз жерінің тарихын жақсы білетін, түркітектес һәм шығыс елдерінің әдебиетімен таныс аса сауатты адам болыпты. Имантай Сәтбаев қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановқа зор құрметпен қараған, оның әкесі Шыңғыспен жақсы таныс болып, сыйластық құрған. Орыстың белгілі ғалым-этнографы, Шоқан Уәлихановтың бірге оқыған досы Г.Н.Потанин Ресейідің географиялық қоғамының ауыз әдебиетін жинастыру кызметіне Имантай Сәтбаевтың көмегін пайдаланған. Қ.И.Сәтбаевтың анасы Әлима ­Иса­­қы­­зы кенже ұлы Қаныш бес жасқа кел­генде қайтыс болған. Жас Қаныш Имантайдың бәйбішесі Нұрым Тасболатқызының мейірбан әрі құтты бауырында өсті. Болашақ ғалым өз әкесінен, ауылдық молдадан, оған қоса жергілікті екіжылдық Ақкелін мектебінен алғашқы білім алды. Бала Қаныш сол күндерден-ақ ерекше ұғымталдық қабілет танытты. Бұл жайында көп жылдардан кейін «Өмірдің төрт мезгілі» атты кітабында академик Ш.Ш.Шөкин былай деп жазады. «Мені бір көргенмен жадында сақтап қалғыш мінезі талай тандантты. Арада он жыл өтсе де бір ұшырасқан адамды кеше ғана кездескендей ұмытпайтын». Ауыл мектебінен кейін оқуын Павло­дар­дағы екіжылдық орыс-қазақ учили­щесінде жалғастырған жас талант оны үздік аяқтады. Сол жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсіп, 1918 жылы бітіріп шықты. 1918-1919 жылдары Семейдегі педагогикалық курстарда жаратылыстану пәнінің мұғалімі, 1919-1920 жылдары Ақкелін болысындағы 4-ауылда мұғалім, 1920-1921 жылдары Баянауылда халық судьясы қызметтерін атқарды. Жас Қаныштың қалыптасуына ата-анасы, оқыған ортасы және сол заманның озық азаматтары — туған ағасы Ғабдулғазиз Имантайұлы Сәтбаев, немере ағалары Әбікей Зейінұлы Сәтбаев пен Әбдікәрім Жәмінұлы Сәтбаев үлкен әсер етті. Үшеуі де 37 жылдың жазықсыз құрбаны болды. Ағаларының қазасы Қаныш Имантайұлы­ның қабырғасын қайыстырды, өзінің болашағын терең ойлауға мәжбүр қылды. Сәтбаев өмірбаянының осы жағы Шәм­шиябану Қанышқызы Сәтбаеваның «Сәулелі әулет» атты кітабы жарық көр­генше жан-жақты айтылмады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Другие предметы
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота