В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
STavctva
STavctva
12.04.2022 22:54 •  Другие предметы

Хан мен жаманнын уксастыгы ​

Показать ответ
Ответ:
maximunicorn1
maximunicorn1
15.10.2020 21:54

Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.

Ертеде Мадан деген хан болыпты. Хан болған соң, оның қырық уәзірі болады ғой. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып:

— Уәзірлерім! Сендер қырқың да, асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын және шөптің жаманын, құстың жаманын тауып келіңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың ішінде тауып келмесеңдер, жазалы боласыңдар! — дейді.

Хан бұйырған соң, амал жоқ! Уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Көп іздеп, азап шегіп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі – тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы ғой», – деп, шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен», – деп, қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай, қырық уәзір келе жатса, таудың етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар, бір адам бес-он қойды бағып жүр. Уәзірлер: «Адамның жаманы, сірә, осы болар-ау», – деп тұрғанда, әлгі адам:

— Уа, мырзалар, жол болсын! – деді. Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, ал адамның жаманын таба алмай жүргендерін айтады. Жаман тұрып:

— Түсінікті! Адамның жаманы керек болса, мен боламын, – дейді.

— Олай болса, жарайды, – деп, Жаманды атына мінгестіріп алып ханға жөнеледі. Ханға келе жатып, Жаман:

— Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бірақ шөптің жаманы мен құстың жаманын таба алмаған екенсіңдер. Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан еді, – деп, уәзірлерге қырғауыл мен шеңгелді тастатып, олардың орнына қарақоға мен сауысқанды алдырған. Уәзірлер мәнісін сұрайын деп еді:

— Хан алдында айтамын, – деп Жаман сөйлемеді. Уәзірлер келген соң, хан әкелген адамға қарап:

— Әкелген адамдарың жарайды. Қазірге аспазшыға апарып беріңдер, көже мен нан берсін, сыйласын. Ертең ортаға алып, тамаша етеміз, – деп, Жаманды ас үйге жібертеді.

— Бірақ, – дейді хан, – құстың жаманы мен шөптің жаманын таба алмаған екенсіңдер. Құстың жаманы – қырғауыл, шөптің жаманы шеңгел еді. Осыны көре, бұларды әкелулеріңнің не жөні бар еді? – деп, хан уәзірлерге қатулана бастайды. Сонда уәзірлер:

— Тақсыр! Айтқаныңыз дұрыс! Біз, шөп жаманы деп – шеңгелді, құс жаманы деп – қырғауылды алып едік. Бірақ жолшыбай әлгі Жаман: «Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан», – деп, бізге оларды тастатып, қарақоға мен сауысқанды алдырды, – деп, жауап береді. Хан тоқтаңқырап:

— Е, Жаманның не білгені бар екен? Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан екенін қайдан біледі? Алып келіңіздер! Сұралық, – деп, бұйрық етеді. Жаманды ханға алып келеді. Хан Жаманның бетіне қарап:

— Мен құстың жаманы – қырғауыл, шөптің жаманы – шеңгел деп ойлаушы едім, сен оларды уәзірлерге тастатыпсың. Сен шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан екенін қайдан білдің? – дейді.

— Тақсыр хан! Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасумен кісі есігінде құлшылықта өтті. Сол уақытта шеңгелді әкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңіне дейін, сексеуілдің шоғындай жайнап жататын еді. Сол уақытта «Киім жыртып, мал жемейтін шеңгел отын болып, пайдаға асады екен-ау», – деп, ойлаған едім. Ал енді қарақоғаны алып, отқа жақсам, жанбайтын еді, үрлесем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін еді. Отқа жанбаған соң апарып малға салсам, барлық мал мұрнын жиырып, жемейтін. Сонсоң: «Қарақоға тіпті пайдаға аспайтын шөп қой», – деп ойлаушы едім. Қарақоғаның жамандығын содан білдім, – дейді Жаман.

— Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің? – дейді хан.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Другие предметы
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота