Мен 4. Әрбір географиялық ақпарат көзінің артықшылығы
олқылықтары қандай? Өз тәжірибелеріңнен оларды пайдалануға
қатысты мысалдар келтіріңдер.
5. Әрбір ақпарат көзімен жұмыс ерекшелігі неден көрінеді?
6. Географиялық ақпарат көзіндегі мәлімет уақыт өте келе ескіруі
мүмкін бе? Жауаптарыңды мысалдармен растаңдар.
7. Әртүрлі дереккөздерде бірдей нысан немесе құбылыс туралы
мәліметтер бір-бірімен сәйкес келмеуі мүмкін бе? Мұндай ақпарат-
ты қалай қайта тексеруге болады? Өз тәжірибелеріңнен мысалдар
келтіріңдер.
8. Бір географиялық нысан түрлі ақпарат көздерінде әртүрлі аталуы
мүмкін бе? Өз зерттеу тәжірибелеріңнен мысал келтіріңдер? Атау-
дың ішінен қайсысын қалай таңдадыңдар?
9. Неліктен өздерің пайдаланған географиялық ақпарат көзі мен
авторын үнемі көрсеткен өте маңызды деп ойлайсыңдар?
10. Географиялық ақпарат көздерімен бірінші рет жұмыс істегелі
отырған адамға арнап, бес ұсыныс құрастырыңдар.
11. Географиялық зерттеулердің нәтижелерін қандай түрде ұсынуға
болады?