Аттила - әйгілі Ғұн империясының әміршісі, шамамен 400 - 453 жылдары өмір сүрген. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим империясының мемлекеттік тілінде атағандықтан тарихта осы есім қалыптасты. Алайда оны әр халық әр түрлі атайды. Ғұн ордасымен тығыз байланыста болған герман тайпалары мен Скандинавия тарихында Этцель (Еtzеl), славяндарда Атыл, қазақ және басқа түркі халықтарында Еділ деген атпен белгілі. Бабамыздың есімінің түбірі Еділ өзенінің атауымен байланысты болуы мүмкін.
434 жылы Ғұн империясының билеушісі Руғила өлгеннен соң мемлекет билігі оның немере інілері Бледа мен Аттиланың қолына тиеді. Аттила 10 жылдай немере ағасы Бледамен бірге билік етеді. 445 жылдан бастап билікті өз қолына алады.