Цицеронның қанатты сөздеріАяулы оқырмандар! Назарларыңызға Рим империясының әйгілі шешені, қоғам қайраткері Марк Туллий Цицеронның қанатты сөздерін ұсынамыз.Күмәндану арқылы шындыққа жет.Адамның келбеті жүрегінің айнасы.Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл болып көрінуге тырысып бағады.Қолыңнан келсе, істе!Жұмыс істеген адам дұрыстап демала да білуі керек.Кез келген ілімді айқын түсіну үшін ұқыптылық керек.Барлық нәрсені біліп, анализ жасай білу аз. Сонымен қатар, соған байланысты сауатты қадам жасай білу керек.Сананы тұрмыс билейді.Планетадағы әр адам өз ақылымен ойланып, өзгенің пікірінен тәуелсіз шешім шығара білуі керек.Жазу өнері шешендікке баулиды.Білім дегеніміз заңдар мен ережелерді құрғақ жаттау емес, - олардың мағынасына жетіп, мәнін түсіну.Өмір бойы сүйіп, махаббатыңды төккің келетін адамды да таңдай біл.Шектен тыс көп тамақтану адамды қуаттандырудың орнына сылбыр қылады.Ар-ұждан - Құдайдың сыйы.Тура биде туған жоқ.Көпшілік алдында сөйлегісі келген адам айтқалы отырған әңгімесінің мәніне жетіп алмаса, сөзінің құр былдырдан айырмашылығы қалмайды.Биліктің ең зоры -өзіңді өзіңе бағындыра білу.А ң арасындағы бауырмалдық пен достықты сақтап тұруға тырысу әркімнің парызы.сурет: nnm.ru