Геродот – тарих атасы (шамамен б.з.б. 484-425 жылдар). Геродот көптеген елдерге саяхат жасады. Ол Египетте, Вавилонда, Скифияда, Колхида мен Фракияда болған. Сондықтан оның еңбегі аталған елдердің тұрмысы, географиясы және этнографиясы туралы мәліметтерге бай. Табиғатында сенгіш Геродот тарихи шындықпен қатар естіген мәліметтерді де жинап жазған. Олардың бірі кейін дәлелденсе, екінші бірі күлкі тудырып отырған. Мысалы Египет туралы жазғанда гиппопотамды оның аталуына байланысты (грекшеден аударғанда – өзен жылқысы) суреттеп, жылқы секілді құйрық-жалы, тұяғы бар десе, өзі Индияда болмаса да ол жақта биіктігі иттей, алтын құмдарды күзететін, алтынды ұрлағысы келген адамдарды жеп қоятын алып құмырсқалардың болатынын жазған. Геродоттың шығармасы әлем тарихы болып табылады, себебі оның әр жаңа мемлекетті атауы – сол мемлекеттің тұрғындары, салт-дәстүрлері, діні, ескерткіштері туралы әңгімеге айналып кетеді. Мысалы Геродот шығармасы лидиялықтардың ионийлықтарды бағындыруымен басталады. Бұл оқиға Лидия тарихы туралы толық мәлімет беруге ұласады. Парсылық патша Камбизге, Египеттің тарихына, географиясына және этнографиясына тұтас бір кітап арнайды. Баяндау парсы елінің шекарасын үлкейткен Дарий патшаға жеткен кезде Геродот ел туралы мәліметтермен қоса патшаның әскери шабуылдарын атап кетеді. [1] Дарийдың Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы скифтерге қарсы жорығы Геродотқа скифтер және олардың пайда болуы туралы қызық әрі анық етіп баяндап беруге мүмкіндік береді. Скифтерді басып алудың сәтсіз әрекетінен кейін парсылар Грекияны бағындырмақшы болды. Геродот Иондағы гректердің көтерілісі, парсылардың Балқан түбегіне жорығы және Марафондағы парсылардың талқандалуы туралы баяндайды. «Тарихтың» соңғы үш кітабы парсылардың Грекияны басып алу үшін жасаған жаңа әрекеттеріне арналып, Ксеркстің жорығы, Саламин аралындағы шайқастар, парсылардың Еуропадан біржола қуылуы жөнінде айтылады. Геродоттың еңбегі гректердің Дарданелладағы бір бекіністі бағындыруымен бітеді. Сол кездегі белгілі және ұсақ халықтар да аталған шығармада сипатталды. Материалдардың әр алуандығына, фактілердің көптігіне қарамастан Геродот ешқашан өз баяндамасының реттілігін жоғалтқан емес, сонымен қатар бір ғана мақсатқа жету үшін барлық амалдарды қолданды. Ол мақсат – Элладаның даңқын шығару болатын. Геродоттың көркем мәнері өзіне ғана тән. Ол иондық диалектіде жазды. Геродоттың ғылыми стилі халықтық ауызша баяндаудың новеллалық стилімен ұштасып жатыр. Тарихшының өз еңбегіне сыналап қосқан новеллалары да көп. «Поликраттың жүзігі», «Крез бен Солон», Арионның ғажайып құтқарылуы» деген новеллалары кейін жеке көркем шығармалар болып есептелді. Геродоттың еңбегін сол замандағы ойшылдар әртүрлі қабылдады. Мысалы, Ксенофонт Ктесий өзінің «Персия тарихы» деген еңбегінде Геродотты өтірікші деп көрсетсе, Аристотель оны ертегі авторларының қатарына жатқызды. Геродоттың жазған мәліметтеріне Феомп, Авгилий, Страбон және Лукиандар сенімсіздікпен қарады. Тарихшы Плутарх «Геродоттың жалғандығы» атты трактатында «Геродот шындықты ойлап тапты» деп жазды. Бірақ сол кезде атақты рим ораторы Цицерон Геродоттың универсализмін бағалай отырып, оны «Тарих атасы» деп атаған. [2] Егер формальды түрде қарайтын болсақ, әлемдегі ең алғашқы тарихшы емес, тіпті антикалық кезеңнің тарихшысы болмаған, яғни ежелгі Грекияда пайда болған алғашқы тарихи трактаттар оның қолынан шықпағандықтан Геродотты «тарих атасы» деп атау дұрыс емес болуы мүмкін. Алайда, Цицеронның бұлай істеуінде, яғни оның ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан Геродот туралы барлық еңбектерінде үлкен бір шындық бар. Геродоттың логографтармен көптеген ұқсастығы бола тұрып, оның өзіндік, ешкімге ұқсамайтын ерекшеліктері де жетерлік. [3] Геродоттың жазған оқиғалары – логографтардыкі тәрізді антикалық дәуір оқиғалары емес, өзінің дәуірінде болған, өзі соларға куә болған оқиғалар. Сонымен қатар тарихшы логографтарда болмаған Азия мен Еуропаның тарихи ойларын, дінге, құдайларға бағытталған бір-біріне мүлдем ұқсамайтын идеяларды біріктіріп, өз еңбегін көркем шығарма ретінде жазды.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жасыл жазиралар енді қараусыз қаңырап бос жатты. Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды.
Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға үшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.[2]

Объяснение:
Өңдеу