[07.12, 12:58] +7 707 153 0086: Сақтар біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағында мекен еткен ежелгі тайпа. Сол сақ тайпасының халқы өздерін сақа, сақ деп атаған. Ал, көне гректер скиф деп атап кеткен. Ол туралы тарих атасы Герадот «Тарих» атты еңбегінің 5 томында айтып өтті. Сондай-ақ, Герадот және басқа да антик тарихшылары сақтарды «Азия скифтері», яғни азиялық скифтер деп атаған. Бірақ, сақтардың қалай аталғандығы туралы дерек көп. Сонымен, гректер сақтарды «азиялық скифтер» десе, парсылар «құдіретті еркектер», ал Иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» делінген. Тарихта олар Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта мекендеген делінеді. Жазба деректерде сақтардың Қазақстанның барлық аумағын мекендегені және олардың үш топқа бөлінгені көрсетілген. Біріншісі, шошақ бөрік киіп жүретіндеріне қарай шошақ бөрікті тиграхауда сақтары деп аталған. Екішісі, хаома сусысын дайындайтын хаомаварға сақтары. Ал үшіншісі, Орта Азияның оңтүстігі мен Арал теңізінің төңірегін және Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген, яғни теңіздің арғы жағындағылар деп аталып кеткен парадарая сақтары. Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді
: 2-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді тап, түрлерін анықта. Оларды қатыстырып 3 сөйлем құра. (С текста найди местоимении и определяй по видам)
Қолөнер бұл қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды
2)Зулап келе жатқан жылдамдықтан ба, бетке ұрған самал лептен бе, бір жол асқанша артынан өрбие қарап тұратын риза жанарлардан ба, тамағы құрғап, көзі жаурап кетеді.
3)Қыстың қақаған суығында қора төбесіндегi көк жауқазын шөп көзді тартып, ыстық жазды кең далада жайқалған жасыл шалғынды еске түсіреді.
4)Көтеріліп келе жатқан күн сәулесі алдымен ағаш бастырын шалып, қайыңның жапырақтары мен қарағайдың қылқанды бұтақтарын алтын жалаткандай, нәзік сарғыш нұрға малып, бусандырып келеді.
5) Есімбек аға домалақ жүзі жыбырлап, қуана күлімсіредi.