В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Nikki21
Nikki21
19.08.2020 07:12 •  Қазақ тiлi

1. Ежелгі қалаларға қандай қалалар жатады?
2. Қай қалада саудамен қатар білім мен ғылым дамыған?​

Показать ответ
Ответ:
FROST1234567891011
FROST1234567891011
18.07.2020 18:24

Менің арманымдағы мектеп.

Мен қаламыздағы іргелі оқу ордасы - №8 қазақ гимназиясында білім аламын. Биыл мектебіміздің жетпіс жылдық мерейтойы аталып өтеді. Елімізге танымал талай азаматтардың білім алған ордасында оқитынымды мақтан тұтамын, дегенмен мектепке соңғы жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Мені «арманымдағы мектеп қандай болар еді?» деген сұрақ жиі мазалайды. Білім алып жүрген алтын ұя мектебіме күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, арманымдағы мектепке айналса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сонымен менің арманымдағы мектеп үш қабатты, өте кең, сыныптары жарық, соңғы техникамен жабдықталған болғанын қалар едім. Мектеп дәліздері де кең әрі ұзын болғанын қалаймын. Арманымдағы мектептің бірінші қабатында тренажерлармен жабдықталған үлкен спорт залы мен бассейн және түрлі жиын өткізетін, әр түрлі музыкалық аспаптармен жабдықталған акт залы болады. Сонымен қатар, бірінші қабатта кітапхана болады. Кітапхана екі бөлімнен тұрып, бірінде орындықтардың орнына ыңғайлы креслолар мен түрлі жанрдағы кітаптар болса, екінші бөлімінде жылдам Интернет желісіне қосылған заманауи компьютер мен қажетті қазғаздарды шығарып, көшірме түсіріп алатын көпфункционалды құрылғылар, сөрелерде қажетті кеңсе тауарлары болады.

Екінші және үшінші қабатта оқу сыныптары болады. Әрбір сыныпта интербелсенді тақта, маркермен жазатын тақта, әрбір оқушының өзінің жеке үстелі болады.

Тегін асхана екінші қабатта орналасады. Онда күнделікті дәмді тағамдар әзірленіп, барлық оқушылар тегін тамақтанатын болады.

Тағы бір арманым – әрбір оқушының жеке заттарын сақтау үшін кішкене шкафы болады. Үй тапсырмасы мектепте жасалып, сабақ сағат үште аяқталатын болады. Сабақ біткен соң оқушылардың тұратын ықшам аудандарына сәйкес, бес автобус үйге жеткізіп салатын болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
loto0192
loto0192
28.10.2022 16:36

Хат

Ұлым, амансың ба ? Қалың қалай ? Оқуың жақсы ма ? Балам, ақшаң жеткілікті ме ? Пәтерің жылы ма ? Өзіміз аман-есен жүріп жатқан. Анаң екеуіміз сені көп ойлаймыз. Еркін, оқуың қашан аяқталады ? Маусымда біз саған барамыз. Оқу орныңды, жатар орныңды көргіміз келеді. Әзірге, Хасеннен ақша, тамақ беріп жібереміз. Не керегін Хасенге айтып жіберерсің, жақсы ма ?  Құлыным, жылы киін. Тамғыңды уақытылы іш. Қарғам, сабағыңнан қалма. Күнім, айналайын, хабарыңды бер. Хасен ағаңнан керегі жоқ киімдеріңді беріп жібер. Ал, шырақ, сау бол. Бетіңнен сүйдік ! Әкең және анаң.  

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота