1. Лиро - эпостық жырларға тән ерекшеліктер мен олардың батырлар жырларынан айырмашылығын есімізге түсірейік . 2. Ризалық беру , күдер үзбеу , тәубе ету тіркестерінің мағынасын ұғып , оларға ұқсас мәндес , мағыналас сөздерді табайық . 3. Жырды үш бөлімге бөліп , оларға ат қояйық . Неліктен олай атағанымызды түсіндірейік . 4. Жырда Жібектің сұлулығы қалай бейнеленген ? Мысалдар арқылы дәлелдейік 5. Жырдағы Жібектің түс көру эпизоды туралы не ойлайсыңдар ?
Қоршаған ортаны қорғау– қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
1)Жері байдың – елі бай
Қазақтың жері өзінің даласындай дарқан, көңіліндей кең. Сол жердің асты мен үсті байлыққа толы. Оның қойнауында Менделеев кестесіндегі 110 элементтің 99-ы анықталып, 70-і барланып, 60-ы өндіріледі. Кеңес елі тарағанда, біздің жерде хром кенінің әлемдегі 90%, бариттің 82%, фосфориттың 65%, вольфрамның 38%, қорғасын мен цинктің 33%, мыстың 26% қоры қалған еді. Біз әлемде мұнай, газ, титан, қалайы, уран, алтын, т.с.с. қазба байлығы бойынша бай елдің біріміз. Сарапшылардың есебі бойынша бізде бағдарланған жер қойнауының байлығы АҚШ долларымен есептегенде 10 триллион болады екен (салыстырып көріңіз, ел жылына 200 млрд қана доллардың шамасындағы өнім өндіреді). Біз қазба байлығы жөнінен әлемде бесінші орында тұрмыз.