1. Мәтін бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ дайындаңыз. Мәтіннің басты идеясын анықтаңыз. Үстеудің мағыналық түрлеріне қатысты синонимдік қатарларды түрлендіріп қолданыңыз.
[10]
1-мәтін
«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса бізде ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгіл
Айқындауыш мүше.
Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі. Айқындауыш бір мүшенің (сөздің) заттық, мекендік, мезгілдік т.б. жағын айқындап тұрады.
Айқындауыш мүшелер құрамы мен құрылымына қарай, мазмұнына байланысты үш түрлі болады:
1. оңашаланған айқындауыштар;
2. қосарлы айқындауыштар.
1. Оңашаланған айқындауыш: өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз. Оңашаланған айқындауыштың алдынан әсіресе, яғни, көбінесе, сияқты сөздердің қолданылуы мүмкін. Оңашаланған айқындауыш бастауышты ғана емес, басқа да мүшелерді: пысықтауышты, толықтауышты, кейде анықтауышты да айқындай береді.Үтір белгісі оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.
Мысалы: Біздің үйдің тұрғындары, әсіресе бірінші және екінші қабат тұрғындары, кіреберістің тазалығын қадағалап отырады.
Еліміздегі өзендер - Нұра, Сарысу, Сырдария - балыққа аса бай.
2. Қосарлы айқындауыш: айқындайтын мүшенің бір сыңары болып, мазмұнын дәлелдеп түратын сөз.Қосарлы айқындауыш кейде өзі анықтайтын сөзімен дефис арқылы байланысады.
Мысалы: Менің атам инженер - конструктор болып жұмыс істейді.
Ауылымыздағы пошта бөлімшесіне телефон - автомат қойылды.
Есімдіктермен Қазақстан табиғаты туралы бес сөйлем
1. Бұл (сілтеу есімдігі) ұлан байтақ дархан дала - менің туған жерім, Отаным, Қазақстаным!
2. Осынау (сілтеу есімдігі) асқар Алатау, тау басынан сылдырап аққан су, жайқала өскен жасыл желек, жарқыраған күн мен көк аспан - мұның бәрі (жалпылау есімдігі) туған жерімнің әсем табиғатының тек бір көрінісі ғана.
3. Қазақстанның әр (белгісіздік есімдігі) аймағында ауа райы да әр (белгісіздік есімдігі) түрлі болады.
4. Өздеріңіз (өздік есімдік) білетін Шарын шатқалына ұқсас жер әлемде кемде – кем.
5. Әлдеқайдан (белгісіздік есімдігі) елімізге шетелдік қонақтар келе қалса, мақтанып көрсететін жерлер тізіміне Көкшетауды қоссақ болады.