1. Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз.1) Акцияның мақсаты неде?2) Мұндай шараларды өткізудің кітапхана үшін тиімді жақтары бар ма?3) Кітап оқуға деген қызығушылықты қалай қалыптастыруға болады? Мәтін ақпаратыннегізге алыңыз.4) Мәтін ақпараты Сізде қандай ой тудырды?5) Кітапхана оқырмандарының санын көбейту үшін тағы не істеуге болады?С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Кітапты сыйға тарту күні»акциясы өткізілді. Бұл акцияда әрбір оқырман өзінің оқылған кітабын әкеліп, оны басқакітапқа айырбастап алып кетуіне болады. Осы науқан күні кітапханаға 220 адам келді,қойылған кітаптар саны – 650 дананы құрады, оның ішінде 550 дана кітап жаңа оқырмандарынтапты. Бұл іс-шарада кішкентай балаларды көру біз үшін үлкен қуаныш болды, балалардыоқуға тартатын ата-аналар құрмет пен мадақтамаларға әбден лайықты жандар. Осыныңарқасында балалар өз кітап талғамдарын қалыптастыра алады. Оқырмандар бір-бірменкітаптар жайлы талқыласып, бір-біріне сұрақтар қойды. Олар тек кітап әкеліп қана қоймай,өздеріне керекті кітаптарын тапқаны бізді қатты қуантты. Міне, бұл іс-шарамыздың бастымақсаты болып табылады.Кітапхананың кіре берісінде әр түрлі жастағы оқырмандарды Қызыл телпек, Мыстанкемпір, Пират пен Сыған, Көктем, және т.б көптеген ертегі кейіпкерлері қарсы алды.Кештің ашылуы «Буккроссинг» акциясымен басталды («Сізді шақырған кітаптардыіздеңіз»), ондағы әрбір кітап өз оқырмандарын тапты.Кітапхана фойесінде кеш қонақтары «Әдеби коктейль-бар» атты сайыста өз бақтарынсынады, дұрыс жауап берген қатысушыларға "Синьор Помидор", "Фито-сусын", "ЛимонадныйДжо" және т. б. коктейльдер ұсынылды. «Маша және Аю» атты фотостендте атақтымультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде суретке түсті. Сонымен қатар, фойеде Балқаш сервисколледжі өздері жасаған кондитерлік өнімдерін сатуға қойды.
Продуценттер (гр. autos — өзі және trophй — қорек) аутотрофты организмдер — қоршаған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер; химиялық реакциялар барысында босайтын энергияларды немесе сәуле энергиясын пайдалана отыра бейорганикалық заттарды органикалық заттарға айналдырушы ағзалар.
онсументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. Барлық гетеротрофты организмдер Консументтер болып табылады
Редуценттер[1] (лат. reducentіs — қалпына келтіруші), ыдыратушылар — өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер (сапротрофтар). Оларды кейде деструкторлар, яғни ыдыратушылар деп те атайды
Консументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. Редуценттер[1] (лат. reducentіs — қалпына келтіруші), ыдыратушылар — өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер (сапротрофтар). Оларды кейде деструкторлар, яғни ыдыратушылар деп те атайды. Продуценттер (гр. autos — өзі және trophй — қорек) аутотрофты организмдер — қоршаған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер; химиялық реакциялар барысында босайтын энергияларды немесе сәуле энергиясын пайдалана отыра бейорганикалық заттарды органикалық заттарға айналдырушы ағзалар.