1) МЕТАФОРА, АУЫСТЫРУ – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі. Метафораның күнделікті сөйлеу тілінде кездесетін қарапайым түрлері: іші күйіп, бойы мұздап, орақ ауызды, от тілді деген секілді болып келеді. Мысалы:
Көздің жасы, жүректің қаныменен
Ерітуге болмайды ішкі мұзын. (Абай).
Ақынның жан тебірентерлік сөзі көзінің жасымен, жүрегінің қанымен араласып шыққандай болса, соған да селт етпейтін, мән бермейтін, іші жылымайтын адамды ішіндегі мұзы ерімейді деу – бұл бейнелеп суреттеуге шеберлікті, оп-оңай көзге түсе бермейтін ұқсастықты, жақындық-жалғастықты көре білетін тапқырлықты аңғартады.
Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей,
Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей.
Қиялы, жан, жүрегі – ойнаған от,
Ақынды аласұртар, тыныштық бермей. (Мағжан).
Метафораның осы мысалдан айқын көрінетін тағы бір өзгешелігі ақынды желмен, отпен жәй ғана салыстыру емес, соларға балап айту.
2) Эпитет – заттың, не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет ұғымға, нәрсеге бейнелілік, нақтылық сипат береді. Мысалы, алма мойын, бота көз, қолаң шаш, қоңыр, дауыс, ақша бет деген сияқты бейнелі сөздерді алсақ, мұндағы сипаттамаларда қазақ поэзиясындағы, сөз өнеріндегі көркем ойлау жүйесіне тән өзгешелік бар. Мысалы, «Күйші» поэмасында Ілияс күйді алуан түрлі эпитеттермен сипаттайды. Жалынды күй, сарынды күй, ыныранған күй, ырғалған күй, жынданған күй, жандырған күй, жылатқан күй, жұбатқан күй, жорға күй, тәтті күй, шерлі күй деген сияқты ондаған сөз тіркесіндегі эпитеттер мейлінше мағыналы, әсерлі келеді.
3) ТЕҢЕУ – құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Мысалы, Абай әдемі аударған Лермонтовтың «Қанжар» атты өлеңінде сұлудың қаракөзі оттың, жалынына ұсталған болатпен салыстырылады, бірақ бұл жай ғана ұқсату емес.Болатша дірілдеген жалын көрген, Бір күңгірт тартып, және оттай жанған, – деп, сұлудың көз нұры бірде күңгірт тартып, бірде жалтылдап, көзінен от ұшқындағандай сипатталуы – оның көзінің де, болаттыңда бірде күңгірт тартып, бірде от ұшқындап, жалтылдауы. Дәл осы өлеңдегідей теңеудің үшінші мүшесі, яғни ортақ сипат белгі үнемі анық көрсетіле бермейді, бірақ қалайда оны жобалап түсінуге болады. Өйткені екі нәрсені теңестіру үшін олардан ортақ белгі сипат, ұқсастықтабу шарт. Сол арқылы сырт қарағанда бірбірінен мүлде алшақ, алыс тұрған нәрселелерді, құбылыстарды да жақындастырып, салыстыруға мүмкіндік туады. Мысалы, қымызбен қыз деген ұғымды жеке алғанда, олардан жақындық таба қою қиын.
Ал Ілиястың:
Қымыздай балға ашытқан тәттіқызға,
Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз,
–дейтінін еске алсақ, мұндағы теңеудің қисынды екенін еріксіз мойындаймыз. Бұл теңеу қыздың сөзі тәтті, мінезі сүйкімді, жүзі жылы деген сияқты көп мағына беріп тұр.
Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т.б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жырау не ақын екі-үші күн (кейде 10 — 15) бұрын сол оттың басына келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын (ат, түйе, бірнеше уақ мал, т.б.) алдын-ала атап қоятын болған. Егер оның айтқандары көптің көңілінен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туысы саналған. “Келіннің бетін кім ашса — сол ыстық” деген мәтел де осыдан туған.Беташар айтылып болған соң сол үйге туыс жасы үлкендер, көрші-қолаңдар жас келіннің қолынан “шәй ішу” рәсімін өткізген. Бұл кезде жас келінге өзіне тетелес сол үйдегі не жақын абысыны көмекке келген. Абысын-ажын арасындағы болашақ татулық осы арадан басталған. Осы бірінші дастарқан үстінде келіннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, т.б. назар аударылып, ол алғашқы сыннан өткен. Соңынан жасы үлкен, халыққа қадірлі қария келінге бата берген. Қазақтың беташар салты жаңа заманға да бейімделіп, жалғасын табуда. Қазіргі кезде беташар салты той асының алдында өткізіліп жүр. Бұл туралы мақала Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» деген зерттеуінің ішіне кірген тараулардың бірі. Зерттеуші салт өлеңдерінің құрамында беташардың алатын орнын, мазмұндық ерекшелігін анықтаған. Беташардың қандай жағдайда, қашан, қалай айтылатынын сөз ете келіп, Әуезов бұл өлеңнің танытқыштық, тәрбиелік және керкемдік мәнін ашқан; мұның тұрақты мәтіні (тек- сі) болатыны, онда қазақ отбасында жаңа түскен келінге арналатын өсиет пен міндет іріктеліп керсетілетіні; жас келіннің жаңа келген елінде әдепті, еңбекшіл, өнегелі, үлкен мен кішіге ізетті болуға тиістілігі ғибрат, ескертпелерінде берілетіні айтылған («ел-жұртына жақ, келін, ата-енеңді бақ, келін, кісі келсе, үйіңе, киізіңді қақ келін... өзіңнен үлкен адамның, бетіне тіке қарама... сәлекет боп отырма, еркектей боп жүгініп, бір тізелеп жөн отыр, төмен қарап бүгіліп, қатты қылып сөйлеме, ақырын сөйлемңдіріп...»). Беташар өлеңінде отбасындағы үлгілі әйел қандай болуы керектігі туралы хапықтың ғасырлар бойында қалыптасқан әдеп нормалары, өнеге тізбегі, адамгершілік дүниетанымы, әйелдердің адам тәрбиесіндегі айрықша орны көрініс тапқан. Қазірге дейін айтылып, қажетке жарап келе жатқандығы бұл өлеңдердің өміршеңдігін көрсетеді.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі, өмірдің қуаты. «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Сол үшін біз суды орынсыз және босқа пайдаланбауымыз керек. Оның қасиетті екенін ата-бабаларымыз бұрыннан айтып келе жатыр. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз, себебі айналадағы қажетті өмірге заттардың барлығы сумен байланысты. Адамдар суды ластамауымыз керек, себебі су деген тіршіліктің жаны, оны ластайтын болсақ зиянды заттармен, бізге де, қоршаған ортамызға да зиян келері сөзсіз. Әрине, су барлығымызға өте қажет, бірақта жылдан жылға су азайып бара жатыр. Мысалы; Арал мен Каспий теңізінің сулары құрғап бара жатыр. Ал, әлемнің басқа да жерлерінде суды көп пайдаланғаннан емес, жер шарымыздың басқа экологиялық мәселелерінен азайды. Менің ойымша су қорлары азаймау үшін, су шаруашылық кешендері үздіксіз жетілдіріп отыруы керек. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары масштабы мен техникалық шешімдері бойынша әртүрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Сонымен қоса, судың сапасы нашарламау керек. Біз осының барлығын қазіргі кезден бастап, болашаққа суды және тағы басқа маңызды заттарды жақсы қалпында қалдыруға міндеттіміз деп ойлаймын!!