1.«Отбасы» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер: А)Сенің отбасың қандай?
В)Отбасыңда неше адам бар?
С)Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар?
Д)Сен қандай отбасы мүшелерінің атауларын білесің?
2. «Азық-түлік дүкенінде» тақырыбына сатушы мен сатып алушының арасындағы диалогты жазыңыздар.(5-6 сөйлем)
3.Ана туралы мақал-мәтелдерді жазыңздар.(4)
4. «Дос» тақырыбына байланысты берілген сөздермен 5 cөз тіркесті құрастырыңыздар.
Ізетті, әдепті, адал, мейірімді, жаман, момын, сабыр.
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп, жазыңыздар
1)Жаман достан-таяғым артық.
Ұлықбек Есдәулетов
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!..