1-тапсырма 5-мин Мәтінді мұқият тыңда.
Қазақ отбасындағы дәстүрлер тыйым сөздермен де байланысты. Тыйым сөздер –үлкен маңызға ие тәрбие құралы. Сондықтан қазақ халқында үлкендер жас балаларды тыйым сөздер арқылы да жамандықтан алыс, жақсылыққа жақын болуға үйреткен. Қазақ халқында табалдырық- қасиетті ұғым. Ол- үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен кедейліктің де шегарасы. Табалдырық- бақыт пен жақсылықтың қарауылы. «Табалдырықты баспа, бақыт қашады», «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма», «Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама» деген тыйым сөздер жай айтылмаған.
Табалдырық- бақыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың, құтты адам аттаса, бай боласың. Сондықтан жас келін алғаш табалдырықтан кіргенде, жақсы ырым жасалады. Оған шашу шашылып, құт шақырып, оң аяғымен: «Бісмілла!» - деп кіргізеді.
Тұрсын Жұртбайдан
Мәтінге ат қой
Мәтіндегі ақпараттың
дұрыстығын тексер
Ақпарат Иә Жоқ
Қазақ отбасындағы дәстүрлер
Тыйым сөздер маңызға ие емес
Табалдырық қасиетті ұғым
Табалдырық – бақыттың белгісі
Табалдырықты баспа, бақыт қашпайды
От шашылып, оң аяғымен «Бісмілла!» деп кірмейді
2-тапсырма 5-мин
Мәтіндегі өзіңе ұнаған тыйым сөздердің мағынасын аш, шеңберлердің ішіне
орналастырыңыз
3-тапсырма. 10-мин
Сөздерден сөйлем құрап оқы
Менің биыл мектебіміз қалаға
деген кірпіштен отбасым «Кел,балалар,оқылық!»
көшіп мектепке орналасқан қасындағы
Әрі биік жақын бар
салынған келді оқуға мектебім
Анам қызғылт үйдің Ол
жарық берді Менің сөзі
орталықта Ыбырай ілінген үйге
қабатында жақын атамыздың асхана
Мектептің спортзал мұғалімдер кітапхана
және бірінші мәжіліс залы терезелері
жер ілетін бөлмесі киім
Қыран құсты қастерлеген халықпыз.
Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары ел арасына мол таралған.