. 1-тапсырма. Көбейтіндін ықшамдаңдар: 1) 5 . x . 8; 2) 2 . y . 9. Көбейтінді түрінде берілген мұндай өрнектердегі амалдар санын азайтып, қалай ықшамдауға болады? Ол үшін көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пай- далану керек. Мысалы, 6 у 7 = 42у. 2-тапсырма. Қосындыны ықшамдаңдар: 1) 4m + 9m; 2) 7а + 13а. Берілген өрнектердің әрқайсысында үш амалдан бар. Осы өрнектердегі амалдар санын азайтып, қалай ықшамдауға болады? Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, қосындыны көбейтіндіге түрлендіру керек. Сонда орындалатын амалдар саны азайып, өрнек ықшамдалады. Мысалы, 12х + 8x = (12 + 8) : х = 20х. Өрнектерді ықшамдаңдар