1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. (Внимательно прочитайте текст и по тексту отвечайте на вопросы). Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн секілді көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін. Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды. Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.
Сұрақтар:
1. Ұлы жібек жолы қай жерден басталып, қай жерлерді кесіп өткен?
2. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер не үшін «Тараз базары – әлем айнасы» деп атаған?
3. Ертеден Түркістанды (Яссы) қалай атаған?
сор
Спорт – денсаулық кепілі. Адам спортпен айналысу керек. Болашақта ұрпағын сау болу үшін, спортпен айналысу керек. Зиянды әдеттерге үйренген соң, адамның ағзасы қазіргі кезде өте аурушаң. Сондықтан адамдар спортпен айналысса, денсаулықтары мықты болады. Мен, мысалы, тайквондомен шұғылданамын.
Спорт – залог здоровья
Спорт – залог здоровья. Человек должен заниматься спортом. Что бы в будущем поколение было здоровым, надо заниматься спортом. Из-за того что человек приучился к вредным привычкам, у него организм стал слабым. Если будут заниматься спортом, то здоровье будет крепким. Я например занимаюсь тайквондо.