В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
5284144
5284144
14.05.2021 19:00 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. Екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды. «Қызыл кітаптың» үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. Оның өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың 1 түрі берілген.

«Қазақстанның Қызыл кітабының» әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
1.1. Мәтіннің қорытынды бөлімінде не туралы айтылған?
А) Қызыл кітап туралы түсінік В) Бірінші бөлімінің жарық көруі
С) Екінші бөлімнің жарыққа шығарылуы Д) Қызыл кітаптың тәрбиелік мәні

Показать ответ
Ответ:
MrEvgeniy1
MrEvgeniy1
28.03.2023 21:07
Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан аямай күресіп, қолдарынан келгенше тырысып,бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп қалдырды. Осы тілімізді біз ары қарай дамытып, жетілдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек. Өйткені, қазақ тілі – ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,»-деп аталарымыз бекер жырламаған екен. Біз қазіргі таңда тәуелсіз, еңсесі биік мемлекетпіз. Осы мемлекетіміздің әрбір азаматы өз тілінде сөйлеп, оны құрметтеуі, жетік меңгеруі – міндет. Бірақ, қазіргі кезде адамдардың барлығы да туған тілінде сөйлей бермейді. Өз ана тілін біліп жүріп өзге бір жат елдің тілінде сөйлеп жүргендер де аз емес. Осы кезде: «Неге осылар қаншама қиыншылықпен мұраға қалдырылған тілімізде сөйлемейді?»-деп налисың. Осындай жағдайларда қолдан келер шара аз... Дүние жүзі бойынша алты мың сегіз жүз тіл болса, солардың ішінде сөз байлығы жағынан қазақ тілі үшінші орынды иемденіп отыр. Бүкіл әлемге белгілі Шекспир шығармашылық өмірінде он үш мың сөз қолданған болса, ал өзіміздің қазақ халқының ағартушысы ұлы Мұхтар Әуезов бір ғана «Абай жолы» романында он алты мың сөзді керек еткен. Міне, осыдан қазақ тілінің қасиетті де қастерлі, асыл тіл екенін ұғамыз. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев: «Ал екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім,»-деп жырлағандай, Мағжан Жұмабаев та: «Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың,»-деп толғанады, осы екі ақын да сол кездегі тек тілдеріне ғана үміт артқан еді. Сол үміттің ар жағында бізге деген сенім де жатыр. «Ана тілі – жүрек үні»деген көркем сөзді мен былай түсінемін: Біздің жүрегіміздің түбінен «ана тілім» деген үн шығып тұруы тиіс, анық естілуі керек. «Өз тілін сезінбеген бала ана сүтін татпаған жетіммен тең,»-деп Бауыржан Момышұлы қаһарманымыз айтып кеткендей, өз тілін қадірлемеген бала, оны жан жүрегімен сезінбеген адам ана сүтін де қадірлемеген, оны мүлде татпаған жанмен тең. Егер өзіміз сондай болсақ, намысымызға тимей ме? Өз намысымызды да, тіл намысын қорғау – біздің иығымызға жүктелген парыз. Сондықтан, бабаның үмітін ақтап қалатынымызды, тілімізді биіктен көрсететінімізді дәлелдеп көрсететін нағыз тіл жанашырлары – бізбіз.
0,0(0 оценок)
Ответ:
АКА47111
АКА47111
02.01.2021 22:24

Киім біздің өмірімізде өте маңызды. Бұл күн сайын қажет ететін бейнеміздің ажырамас бөлігі. Біз адамды алғаш рет көргенде, біз назар аударамыз – киім. Ұқыпты және ұқыпты киінген адам бізге немқұрайлы емес әсер етеді. Сондықтан сыртқы көріністі қадағалау маңызды.

Әр түрлі стильдер бар, сән орнында тұрмайды. Үнемі жаңа және ерекше нәрсе ойлап табады. Қазіргі заманғы маталар мен керемет фасондар әр маусымда пайда болады. Біреу керісінше, классиканы және сызықтардың қарапайымдылығын көреді. Сіз киініп қалай, сіз ойлағаннан көп туралы айтып береді. Киім-бұл екінші тері, қоршаған ортаны ұнату үшін сізге жаныңызды тауып, кию керек. Сәнді көріну үшін қымбат киім сатып алудың қажеті жоқ. Ең бастысы, заттарды дұрыс үйлестіре білу. Сондай-ақ, бейнені ойластыру керек. Қысқа юбка мектепте орынсыз болады, ал туған күніндегі мектеп формасы подруги, егер сіз костюмдік кеш ұйымдастыру шешпесе. Әрбір іс-шара мен орналасқан жері үшін біз дәмі бар киіну үшін ұстануға тиіс жасырын дресс-коды бар.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота