1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, суреттерді ретімен орналастыру арқылы мәтін мазмұнын түсіндіріңіз
(6 мин)
Қуат көзін үнемдеу – бүгінгі күннің талабы
Бүгінде Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи минералды ресурстарды
мейлінше үнемдеп, пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр. Еліміздің қазіргі қарқынды
экономикалық дамуы, күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен
қатар, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы соңғы кезде энергияны
үнемдеп
жұмсау
мәселесін
Мемлекеттік
деңгейге
көтерді
Энергия үнемдеудің негізгі мақсаты экономиканың барлық салаларында, тұрғын
үй секторында және тұтас алғанда елімізде энергия тиімділігін арттыру болып табылады.
Энергия
тиімділігін арттыру ЭКОЛОГИЯҒа
қолайлы
әсер етеді. Зиянды
шығарындылар едәуір дәрежеде қазба отынды пайдаланушы энергетика көздерімен
байланысты. Тиісінше, отынды аз тұтыну шығарындыларды азайтады және экологиялық
ахуалды
жақсартады.
Энергия үнемдеу саясатының нәтижелерінің бірі — тиімді заң шығару жүйесін
құру, әрбір деңгейде энергия үнемдеуді нормативтік, әдіснамалық және бағдарламалық
қамтамасыз ету.
Бүгінгі кезенде энергия тиімділігін арттыру міндетін шешу мемлекеттің,
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен тұтынушылардың стратегиялық мақсаттарымен
үйлеседі. Нәтижесінде, тұтас алғанда елдің бәсекеге қабілеттігі артады. Энергияның
тапшылығы экономикалық өсімді тежейтін факторлардың бірі болуы ықтимал. (141 ces)
Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп,біркелкі болып қолданылуы.Үндестік заңының 2 түрі бар:буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
1) Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.Түркі тілдері,оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді,яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.
Мынадай сөздерде:
1.қос сөздерде (аман-есен,асты-үсті т.б.)
2.біріккен сөздерде (шекара, ба з,кәсіпорын т.б) буын үндестігі сақталмайды.
Буын үндестігі сөз бен қосымша арасыңда да сақталады,яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады.Мысалы:тас-қа (тас-ке емес),үй-лер (үй-лар емес),құс-ты (құс-ті емес) т.б.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалармен қатар (-мен,-бен,-пен,-нікі,-дікі,-тікі,-паз,-қор,-қой т.б.),кірме сөздерде де буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар болады (кітап,алгебра,цехтан,рульді т.б.).
2) Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі.Оның 3 түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
1.Ілгерінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі.Мысалы:қаш-са (қашша),көзқарас (көзғарас),ақ балық (ақ палық) т.б.
2.Кейінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі.Мысалы:бас+шы (башшы), Есенгелді (Есеңгелді),он бес (ом бес) т.б.
3.Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.Мысалы:Досжан (Дошшан),Жиенқұл (Жиеңғұл),тас жол (ташшол) т.б.
ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз би» ертегісі һәм «Аяз би әлініңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі деректер бар. Майқы би Мән баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазбек бек Тауасарұлы өзінің «Түп - тұқияннан өзіме дейін» дейтін кітабында Аяз бидің және оның серігі Құмырсқа батырды «Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Мәнұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билер еді», - деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша, Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Мәнұлының замандасы болып шығады. Ал зерттеуші Балтабай Адамбайұлының «Алтын сандық» атты кітабындағы шағын мәліметте Аяз би Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны XI - XII ғасырға жатқызады. Бұл – әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе.
Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір - қасиеті жөнінде қазақ энциклопедиясында былай жазылған: «Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы – қоға, құс жаманы – сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді».
Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал - шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырсқа деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық құрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді. Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі - жиі ақылдасып, ой - пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес - кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті:
Билер бүгін Майқының алдын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,
Әзір сөзіме болма бұрыс,
Ақылым алжыған жоқ,
Ондайды болжағам жоқ,
Орынсыз ауыз ашсаң,
Екі би басарсың шоқ.
Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.
Ел арасында «Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» деген нақыл сөз содан қалса керек
Объяснение:
арен жаздым коп берш лайк басындарш багаландарш