1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі. Барлық тірі ағзалардың 75% судан тұратыны бәріңізге мәлім. Таза сусыз адам өмір сүре алмайды. Су үнемі теңіз, ауа мен құрлық арасындағы айналымды жүзеге асырады, сол себепті мен «Су – тіршілік көзі» тақырыбын таңдап, зерттедім.
Жер шарында жыл сайын 400 мың км3 шамасында су буға айналып, жоғары көтеріледі екен. Қазақстандағы су ресурстарының негізі – өзен сулары болып есептеледі, орташа жылдық мөлшері – 100 км3, 43 пайызы Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттеріне келеді. Республикамызда таза ауыз сумен қамтамасыз ету мардымсыз. Жоспарланған жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді. Көптеген ауылдық су өткізгіштерінде су залалсыздандырылмайды. Қазіргі кезде Республикамыздағы барлық ірі өзендер – Іле, Сырдария, Жайық, Ертіс, Шу, Талас ластанған. Теңіз бен мұхиттар мұнаймен ластануда. Бұл қоршаған ортаға өте қауіпті. Судағы балықтар қырылып, қалу қаупі жылдан жылға өсіп
келеді.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқыштардың артық мөлшері топырақтан шайылып, өзен, көлдерге, теңізге түсуде. Бұл судағы оттекті азайтады. Сонымен бірге бұл балық өндірісіне қатты әсерін тигізіп, балық аулау азайып кеткенін айтылып жүр. Біз осы жағдайларды саралай келе, адам күніне қанша литр су жұмсайды және оны үнемдеу, таза ұстауға бола ма деген мәселені айтқым келіп тұр. Мысалы, тісті екі мезгіл тазалау кезінде 4 литрден 8 литр су
кетеді екен, тамақ әзірлеуге 3 мезгілде бас-аяғы 10 литр су кетеді екен. Суға түссең
орта есеппен 10 – 15 литр су жұмсайсың. Сонда күніне 33 – 38 литрдей су кетеді екен. Бұл бір балаға кететін бір күндік су мөлшері. (223 сөз) https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/374
Әке - асқар тау...
Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады.
Интернеттен алдым=)
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?
Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.
Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».
Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «Тіл – асыл ойдың бұлағы». «Тіл –құдірет». «Тіл - тәуелсіздік тұғыры». «Тіл – ұлттың жан дүниесі».
Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.
Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.
Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.
«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.
Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр.
Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.
Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.
Объяснение: