1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Қандай мәселелер көтерілген? Алдыңғы сабақтағы тыңдалым мәтініндегі оймен сабақтастығы бар ма? Дәлелдеңдер.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының өзінде біздің еліміз егемен-
діктің ең негізгі алғышарттарын жасай алды. Ең алдымен, көпұлтты
елде халықтың ауызбірлігін сақтауға қол жеткізілді. Қазақстанды
мекен етіп жатқан ұлттар мен ұлыстардың барлығының мүддесін
Н.Назарбаев ортақтастыра алды. Елбасы ортақ үйімізде татулық
пен келісімнің болуы қай істің де сәтін салудың алғышарты
екенін ешқашан есінен шығарған жоқ. Дәл осы кезеңде талай
республикаларда азамат соғысы өршіп, мың-мыңдаған адам саясат-
тың сойылын соққан содырлардың сойқанынан құрбан болып жатты.
Құдайға шүкір, сол бір сын сағаттарда Қазақстан тыныштығын,
татулығын сақтап қалды. Елбасымыздың салиқалы саясаты біздің
ортақ шаңырағымызды жанжалдан сақтап қалғанын ешқашан
ұмытуға болмайды.
М.Жолдасбеков
Жалпы «Жерұйық» ұғымының концептілік этимологиясын, мифологиялық тұғырнамасын анықтау маңызды мәселе. «Жерұйық» дегенде біріншіден, құтты мекен ойға оралады, ол қазақ халқының тарихында Асан қайғының философиясымен тығыз байланысты. Себебі, Асан қайғы жел маясына мініп халқына Жерұйық іздейді. Сонда «жерұйық» дегеніміз қандай жер және бүгінгі заманда қазақ халқы өз жерұйығын тапты ма деген сауалдарға жауап іздеу кезек күттірмес мәселе. Орхон-Енисей руникалық жазбаларын негізге ала отырып және оларды археологиялық, этнографиялық, мифологиялық деректермен толықтыра отырып, көне түркілердің дүниетаным түсінігін және олардың космогониялық танымын анықтауға негіз бар. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері – түркілер – Ашина руының түркілері – Ордос алабынан ауған жүнді тайпаларының ежелгі ақсүйек әулиетінен тараған ұрпақтар. Осынау жаңа рухани толқынның тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты – Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя жергілікті сақ тайпаларын бұдан арғы мыңжылдықта ғұндардың арынды асау рухының ықпалымен таратып жіберіп, Байкалдан Каспийге дейінгі байтақ өлкені жайлап келген Түркі тайпаларымен біріктіріп, барлығын өз қанатының астына жинаған» [1], – деп атап көрсетуі Қазақ даласының ұлы түркі елінің қара шаңырағы екендігін айқындай түседі.
Қазақта жұлдызшылық деген бар. Бұл қасиет бұрынғыдай болмаса да, бүгінгі күнге дейін жетті. Қазір де оны үйреніп, сол арқылы табиғатқа қатысты өз жорамалын жасап жүрген адамдар бар. Елімізге белгілі жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов сол бір құпияның сырына тереңірек үңіліп жүрген азаматтың бірі саналады.
Жалпы, жұлдызшы дегеніңіз ерте кезден бері бар. Ежелгі дәуір мен орта ғасырларда аспан денелерінің қозғалысын бақылап, ол жайында өз тұжырымын жасаған адамды жұлдызшы деп атаған. Мәселен, мұндай адамдар Ежелгі Мысырда (Египет), Вавилонда, Үндістанда, Грекияда көбірек кездескен. Олар аспан құбылысын зерттеп, күнтізбе есебін жүргізді. Бір қызығы, бұл орайда шығыстағы жұлдызшы адамдардың белсенділігі ерекше байқалған. Бірқатар дерек көздеріне сүйенсек, орта ғасырда араб елдері мен Орта Азияның жұлдызшылары астрономияның кейбір заңдылығын ашқаны жөнінде айтылып жатады. Біздің арғы тегіміз – ежелгі түркі тайпаларында жұлдызшылар болған. Әріге бармай-ақ қоялық, қазақ тілінде Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы көптеген жұлдыз атаулары бар. Олар бізге ежелгі түркілер дәуірінен жеткен. Жұлдызшылар жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие байлау, күзем алу, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу мерзімдері секілді жайларды көпшілікке жариялап отырған
Объяснение: