1-тапсырма Мәтінді оқы. Тақырыбы мен идеясын анықта (Прочитай текст, придумай название и определи идею текста)
ХХІ ғасырда электр құрылғыларынсыз: компьютер, теледидар, телефон, тұрмыстық техникасыз елестете алмаймыз. Сондықтан тұрғындардың өмір сүруі үшін керекті қуат көзінің бірі – электр энергиясы. Жыл сайын оған деген сұраным артып келеді. Тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлемдегі басты мәселеге айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір мен мұнай жағылады. Мұндай отынның табиғатқа зияны өте көп. Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман кесіліп жатыр.
Қазір бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатыр. 2017 жылы Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен «ЭКСПО - 2017» көрмесі өтті. Көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын жаңа технологиялары көрсетіледі.
2-тапсырма
Мәтіннің тақырыбы /сөз тіркесі/ Мәтіннің идеясы / 1 сөйлем/
1. Ақпараттық технология (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
2. Ақпараттық технологияның маңызы:
- компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты арттыру;
- оқу процесінде компьютерді пайдалану;
- модельдеу идеясы оқыту процесінде жаңа мүмкіндіктер береді;
- компьютерлік оқыту бағдарламалары.
3. Ақпараттық технологиялардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1. Деректерді өңдеудің ақпараттық технологиясы жақсы құрылымдалған есептерді шешуге арналған, шешу алгоритмдері жақсы белгілі және барлық қажетті кіріс деректері бар;
2. Басқарудың ақпараттық технологиясы басқару шешімдерін қабылдауға байланысты кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне ақпараттық қызмет көрсетуге арналған;
3. Автоматтандырылған кеңсенің ақпараттық технологиясы кәсіпорын персоналының қолданыстағы байланыс жүйесін толықтыруға бағытталған;
4. Шешім қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологиясы шешім қабылдауды қолдау жүйесі және адам қатысатын итерациялық процесс нәтижесінде болатын басқарушылық шешімді әзірлеуге арналған);
5. Сараптамалық жүйелердің ақпараттық технологиясы жасанды интеллектті пайдалануға негізделген.
4. Кибернетика - табиғат пен қоғамдағы басқару мен байланыстың жалпы заңдары туралы ғылым; нанотехнология - бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру.
1. Ақпараттық технология - алға қойған мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер мен заманауи техникалар.
2. Ақпараттық технологияның маңыздылығы оларды пайдалану, оқу, ақпараттық жұмыс және т.б.
3. Электрондық мәліметтерді өңдеу, басқару функцияларын автоматтандыру, шешім қабылдау және электрондық кеңсе
4. Кибернетика - басқару жүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтап өндеу зындылықтары тұралы ғылым.
Нанотехнология дегеніміз - көзге көрінбейтін өте ұсақ бөлшектерді ретке келтіріп, оның ерекшеліктерін алдын ала белгілеу.