1-тапсырма Мәтіндерді мұқият оқыңыз.Төменде берілген сұрақтарға жауап жазыңыз. Оның басты идеясын (автордың айқысы келген ойын, көзқарасын) 5-6 сөйлеммен жазбаша түсіндіріңіз.( ) І нұсқа
1-мәтін
Қазақтың ішсе – асы, кисе – киімі, мінсе – көлігі, тұтынса – бұйымы, берсе – сыйы, дауласа – құны болған төрт түлік мал көшпенділер тіршілігінің негізін құраған, өмір салты мен дүниелік танымында зор маңызы болған.
Қазақтар жыл он екі ай мал қамын жасап, суыққа ұрындырмай, аптапқа қаталатпай, бабын таба білген. Ел аңызында жылқының – желден, түйенің – сордан, сиырдың – судан, қойдың – оттан, ешкінің – тастан жаралғаны айтылады. Ал ескілікті дүниетанымда «қой – бейіштің малы, қой – көктен түскен көк қошқар, қой атасы жантақтан өсіпті, қой Меккеден шығыпты» деген де сөз бар. Өз бетінше жайылып, тіршілік ете алу қабілетіне қарай оларды ақ мал,қара мал деп топтастырған: сыртта ақ қар, көк мұзда өз бетінше жайыла беретін жылқы ақ мал, қолдағы түйе, сиыр, қой, ешкі қара мал саналған.
Төрт түліктің тұрмыстық-әлеумет¬тік өмірде жұмсалатын орнына қарай қазақтар түйені салтанат санаса, жылқыны мақтан еткен, қойды байлыққа баласа, сиырды қанағат еткен, ал ұсақ мал ешкіні өлместің күніне санаған.
Көшпенділік тірші¬ліктің арқауы болған төрт түлікке қатысты қазақы таным даналыққа толы дала пәлсапасы мен уақыттың өзі үйреткен халықтық тәжірибе сырларын ұғындырады
(«Ана тілі» газетінен)
Батылдық батырлықтың сауыты.
Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.
Батыр аңғырт, бай саңғырт.
Батыр бастас, бай қоныстас.
Батыр болатын бала ерге үйір,
Қызтеке бала зерге үйір.
Батыр болған ханға қас,
Мерген болған аңға қас.
Батыр болсаң жауды қайтар,
Шаруа болсаң малды қайтар,
Шешен болсаң дауды қайтар.
Батыр бір оқтық,
Бай бір жұттық.
Батырға да жан керек,
Пақырға да жан керек.
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
Батырға таяқ та жарақ.
Батырдан барымташы туар даңғой (Абай).
Батырдан сауға, мергеннен сыралғы.
Батырдан хат — достарға қуат.
Батыр деме батырды шеп құрған дауға батпаса.
Төре деме төрені ел тілегін таппаса (Дулат).
Батырды бәрекелді өлтіреді.
Батырды жауда,
Шешенді дауда сына.
Батырдың атын жау шығарады,
Шешеннің атын дау шығарады.
Батырдың бір ісі тентек,
Қорқақтың екі ісі тентек.
Батырдың да басы екеу емес.
Батырдың көзі өмірге түседі,
Қорқақтың көзі өлімге түседі.
Батырдың өмірі қысқа.
Батыр елдің ажары,
Бал құрақ көлдің ажары.
Батыр елінде, балық көлінде.
Батыр жарасыз болмас.
Батыр жарқырап жүреді,
Қорқақ қалтырап жүреді.
Батыр қол бастар,
Көсем жол бастар,
Шешен сөз бастар.
Батырлығың не керек, байсалдылық болмаса.
Ақындығың не керек айтарлығың болмаса.
\\\
Батылдық батырлықтың сауыты.
Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.
Батыр аңғырт, бай саңғырт.
Батыр бастас, бай қоныстас.
Батыр болатын бала ерге үйір,
Қызтеке бала зерге үйір.
Батыр болған ханға қас,
Мерген болған аңға қас.
Батыр болсаң жауды қайтар,
Шаруа болсаң малды қайтар,
Шешен болсаң дауды қайтар.
Батыр бір оқтық,
Бай бір жұттық.
Батырға да жан керек,
Пақырға да жан керек.
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
Батырға таяқ та жарақ.
Батырдан барымташы туар даңғой (Абай).
Батырдан сауға, мергеннен сыралғы.
Батырдан хат — достарға қуат.
Батыр деме батырды шеп құрған дауға батпаса.
Төре деме төрені ел тілегін таппаса (Дулат).
Батырды бәрекелді өлтіреді.
Батырды жауда,
Шешенді дауда сына.
Батырдың атын жау шығарады,
Шешеннің атын дау шығарады.
Батырдың бір ісі тентек,
Қорқақтың екі ісі тентек.
Батырдың да басы екеу емес.
Батырдың көзі өмірге түседі,
Қорқақтың көзі өлімге түседі.
Батырдың өмірі қысқа.
Батыр елдің ажары,
Бал құрақ көлдің ажары.
Батыр елінде, балық көлінде.
Батыр жарасыз болмас.
Батыр жарқырап жүреді,
Қорқақ қалтырап жүреді.
Батыр қол бастар,
Көсем жол бастар,
Шешен сөз бастар.
Батырлығың не керек, байсалдылық болмаса.
Ақындығың не керек айтарлығың болмаса.
\\\