Заттану (зат есімге айналу), немесе Субстантивтену (лат. substantivum - зат есім) — басқа сөз таптарына жататын сөздердің зат есімге айналуы. Субстантивтену көбінесе сын есімдер мен есімшелерге тән.
Сын есім әдетте көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер сын есімге көптік, я тәуелдік, я септік жалғауы жалғанса, онда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Осындай сын есімнің сөйлемде зат есімнің орнына жұмсалып, зат есімнің қызметін атқаруын сын есімнің заттануы дейді. Мысалы: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (мақал) деген сөйлемде жақсыдан, жаманнан деген сын есімдер шығыс септік жалғауында тұрып, зат есімнің орнына яғни адамнан дегеннін орнына (жақсы адамнан, жаман адамнан) заттанып қолданылған. Заттанған сын есім атау септік тұлғасында тұрып бастауыш болады. Мысалы: Ұялшак, сы-бағасынан құр қалар (мәтел). Баланың жақсысы — кызық, жаманы — күйік (А.) деген сөйлемдерде ұялшак, (адам кім?), жақсысы (бала кімі?), жаманы (бала кімі?) атау септікте тұрып, заттанып, бастауыш қызметін атқарып тур
Табиғат тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады.Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жануарларды көрудің өзі керемет көрніс емес пе?! Бау –бақшада өскен жеміс –жидектердің өзі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады.Аспанан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Ата-бабамыздың «Жер –қазына, су-алтын, мал- байлық»,- атты нақыл сөздері аяулы табиғатымыздың кеңпейілдігін дәлелдегендей. Әйтсе де, бар шапағаты мен жақсылығын аямай төгетін Табиғат-Анамызға адамдар тарапынан қиянат төніп жатқаны жанымызды ауыртады. Сондықтанда мен жаныма жалау болар аяулы табиғатымды қорғауға аузымен су тістеген қарлығаштай кішкене де болса, балалық үлесімді қосқым келеді.