10. «Мұқан мектепке түскенде дала жайылымының көбең жылқысындай денесінің олпы-солпысы көп еді. Оқудағы алты ай жаратқан аттай сұлулап, сымға тартқан күмістей түзеп жіберді.» Автор қандай көркем ауыстыруларды қолданған?Не мақсатпен қолданғанын түсіндіріңіз. (3-4 сөйлем)
Тоқтар Әубәкіров әлемнің 256-шы ғарышкері. Ол қаһарман атанып, қазақ халқының мерейін тасытар сәттен бұрын ұшақпен ұшудың жаңа әдісін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Ал, Талғат Мұсабаев әлемнің 309-шы ғарышкері. Ұшқыш Талғат Бигелдиновтың жолын жалғаған ол бір айда 5 рет, яғни 30 сағат 8 минут ғарыш кеңестігіне сапар жасағаны үшін Гиннесстің рекордтар кітабына енді.
Талғат Мұсабаев алғашқы «ғарыш хирургы» бейресми атағын алған. 2001 жылы ғарышқа бірге аттанған америкалық миллионер турист Денис Тито әуе кемесінің ішінде басын жарақаттайды. Экипаж командирі ретінде қазақ ғарышкері аспан кеңістігінде ұшып жүріп, жарасын тігеді. Осылайша, Талғат Мұсабаев елінің ғана емес, бүкіл әлемнің батыры атанды.
Әлемнің 545-ші ғарышкері, жерлесіміз Айдын Айымбетов пен Тоқтар Әубәкіров бір күнде, бір айда дүниеге келген. Бір оқу орнының түлектері.
Тәуелсіз Қазақ елінің ең үлкен жетістіктерінің бірі – ғарыш кеңістігін игеру екені сөзсіз. Осы жолда күні бүгінге дейін қыруар жұмыс атқарылып, қазақ ғалымдары өлшеусіз үлес қосуда.
Тəуелсіздік - қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол-азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры. Егемендік бізге оңай келген жоқ. Тамыры тереңге тартқан тарих беттеріне үңілер болсақ, орыс отаршылдығы кезеңіндегі Сырым, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Кенесары, Бекболат, Жəмеңке мен Ұзақ, Амангелді бастаған ірі көтерілістер мен ұлт азаттық күрестер Тəуелсіздікті аңсаған еліміздің жанкешті ерлігі мен тірлігін көрсетеді. Отызыншы жылдардағы қос нəубеттің қасіретін қалай ұмытамыз. Қолдан жасалған ашаршылық салдарынан халқымыз қынадай қырылды, «Қызыл империяның» құйтырқы саясатының құрбаны болған халқымыздың биік рухты, маңдайалды ұлдары «халық жауы» деген жаламен жазықсыздан-жазықсыз атылды. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының кемел келешегі жолында басын бəйгеге тігіп, ажал оғына қасқая қарсы тұрған Алаш арыстары Əлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай əділдіктің ақ туын жықпай, арманда кетті. Тарихта теңдесі жоқ, миллиондаған жанның өмірін қиған Ұлы Отан соғысының отты жылдарында да қазақ халқының ұл-қыздары қаһармандықтың ерен үлгісін көрсетті. Кешегі Желтоқсанның ызғарында намысты ту етіп көтерген қазақ жастары тотолитарлық режимге қарсы шығып, ақ мұзда алау жаққаны биік рухтың, елжандылықтың жарқын көрінісі