Құрбан айт - мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Әрбір мұсылман мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды.Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Бұл мерекенің ең маңызды амалы. Айт күндері ерте тұрып, мешітке барып дұға оқылынады. Айт күндері бүкіл мүсылман таза, жаңа киімдерін киеді. Жетім-жесір, кембағал кісілерді сый-сияпат беріп қуантады. Әке-шеше, жолдас, туыс, дос және көршілердің үйіне айттап барады. Ораза айты үш күн, ал құрбан айт төрт күнге созылады. Мұсылмандар айт күндеріне үлкен мән береді. Өйткені, бұл күндер - күнәлар кешірілетін, бірлік пен ынтымақтастық сезімдері ұштасқан күн!