10-тапсырма. Төменде берілген мәтіннің негізгі тірек сөздерін қатыстырып салалас құрмалас сөйлемдер құрап жаз. Адамның құқығы мен бостандығы туралы халықаралық-құқықтық құ-
жаттар жекелеген мемлекеттердің заңдарына ықпалын тигізіп отырады.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдарына мүше болып кірген ел халықара-
лық құқық нормаларын өз аумағында бұлжытпай орындап отыруға міндетті.
Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастықты сақтау ұйымына мүше болып кіргендіктен, осы ұйымдардың
адам құқығы мен бостандықтарын қорғау хақындағы құжаттарын мойындап,
талаптарды орындайды.
Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.