11-тапсырма. Баубек Бұлқышевтің «Менің бұл жазғандарым болашақта
біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істер-
дің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман
да жоқ; ол зерттеушілердің біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да,
жылай да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болғаны» деген ар-
манын сен қалай орындап жүрсің?Ойтолгау жаз.
Марс (Қызыл жұлдыз) — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,97 г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24,2 км/с жылдамдықпен айналады, Күннен орташа қашықтығы 228 млн км (перигелийінде 206 млн км, афелийінде 249 млн км). Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады. Бұл Марстың “қарсы тұрыс” периодының қайталануы. Марстың қарсы тұрысы Марс орбитасының перигелийі маңында болған кезде ол Жерге ең жақын болатын 56 млн км қашықтыққа келеді. Осы кезде Марс 24 – 25° бұрышпен көрінеді, ал ондағы 60 – 100 км-лік заттар телескоппен қарағанда байқалады. Осындай кезді “ұлы қарсы тұрыс” деп атайды.