11-тапсырма. Берілген сұрақтарға сәйкес «Тарих қойнауында» тақырыбы: на мәтін жаз, оған қарапайым жоспар құр.
1. Қазақ тарихындағы тарихи тұлғалар туралы қандай ақпарат
білесің?
2. Қазақ халқының ұлы тұлғалары туралы қандай шығармалар-
ды оқыдың?
3. Өз еліңді құрметтеу неден бастау алады?
sida
ТА
ша
Адам үшін қанаттылардың пайдасы өте зор. Бізде тіршілік ететін құстардың біразы аңшылық үшін ауланып, дәмді ет пен мамық қауырсын береді. Мәселен, қазірде Қазақстанда жылына 3,2 миллион құс аңшылардың олжасы болады. Олар — үйрек, қаз, қасқалдаң, балшықты су құстары. Жасыл желек жамылған кең байтақ даламызда ұшып жүрген біраз құстар (шымшың, торғай, тоңылдақ, ементұмсық және тағы басқалар) егістік, бау-бақша, орман зиянкестері — насекомдармен, кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына айтарлықтай пайдасын тигізеді. Құстардың эстетикалы�
� мәні өз алдына бір төбе. Бұлбұл үні мен торғайлардың неше құбылтып салған әндері талай композиторлардың шығармаларына арқау болып келе жатқан жоқ па? Сондай-ақ аспанға ұшу техникасын жетілдіру үшін құстардың ұшу заңдылықтарын зерттеу Леонардо да Винчиден бастап күні бүгінге дейінгі авиаконстукторлар еңбектерінің негізіне алынып отыр емес пе? Бүгінде де бұл жұмыстар жалғасуда.
Соңғы жылдары құстардың тек Қазақстанда ғана емес бүкіл жер шарында кейбір түрлерінің саны азайып бара жатқаны байқалады. Сондықтан да ел-елде оларды қорғау шаралары жүзеге асуда. Сол сияқты қазірде біздің республикамызда да осындай жұмысты жүргізу кең қолға алынды. Саны күрт азайып кеткен аң-құстарды шұғыл зерттеу арқылы келешекте олардың таралған аймағы анықталып, кей жерлерде қорғау шаралары жүзеге асырылатын болады. Қазақстан ғалымдары осындай құстардың тізімін алып, табиғаттың «Қызыл кітабын» жасауға кірісті. Бұл тарауда республ
икамызда саны аз құстардың қай аудандарда таралғаны, биологиясы, мінез-қылық ерекшеліктері жан-жақты әңгімеленеді. Өйткені, бұл мәліметтердің оларды қорғау шараларын жүзеге асыру үшін үлкен мәні бар.
Қазіргі кезде,жастардың міндеті-табиғатты қорғау,соның ішінде-құстар.Қазақстан экологтары жастарды қорғауға шақырады деген атпен Семейде сәуірдің 1-інде атап өтілетін Құстардың халықаралық күніне арналған республикалық шара өтті.Мұнда құстарды қорғай білу және оларға зиян келтірмеуді,экологтар балаларға таныстырып өтті.
Қазақстан қызыл кітабын ашсақ,мұнда қорғауға жататын құстардың санын көреміз.Олардың 3 түрі ерекше қорғауда:
1.Мәрмәр шүрегей- жоғалып кету қаупы бар түр. Қазақстанда соңғы 20 жылда бірде-бір кездеспеген. Бұрын Сырдария бойында, Еділ мен Жайықтың аралығында жиі кездесетін. Саны барлық жерде азайған сияқты. Түркияда 70 - шы жылдары бар болғаны 2 мыңдайы ғана қыстаған. Санының азаю себептері анықталмаған. Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде бұл түрді терең зерттеу жүмыстарын жүргізіп, жойылу себептерін анықтап, оны сақтап қалудың шараларын белгілеу керек.
2. Алакөз сүңгуір-саны күрт кеміп кеткен сирек кездесетін түр. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аудандарында ұялайды. Бұл құстың шамалысы республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысындағы суларда қыстайды. Саны туралы нақтылы деректер жоқ, санының кемуіне әсер ететін факторлар зерттелмеген. Бұл түрдің бірте-бірте азаюы оны құстарды зерттеушілер мен аңшылық мамандарының назарына ерекше алу керектігін талап етеді.
3. Сұңқылдақ аққу-саны