139К, в, на предлогтары қандай жалғауларға сәйкес? 1. –ны / – ні; – ды / – ді
2. –ға / –ге; –қа / –ке
3. –дан / –ден; –тан/ –тен
4. –ның / – нің; –дық / –дік
5. – да / –де; –та / –те
136Асты сызылған сөзге қойылатын сұрақты белгілеңіз.
Мен сенбі сайын қазақ тілі курсына барамын
1. Кімге?
2. Қашан?
3. Қайда?
4. Нені?
5. Кімге?
тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерді белгілеңіз
1. Шілдехана, жаушы жіберу, сүндетке отырғызу, тілашар
2. Беташар, сүндетке отырғызу, тұсау кесу, тілашар
3. Шілдехана, бесікке салу, құда түсу, тұсау кесу, тілашар
4. Сырға салу, бесікке салу, сүндетке отырғызу, тұсау кесу,
5. Шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, тілашар
106Қай сөйлемде тұйық етістік бар?
1. Оның әкесі қан майданда қаза тапқан.
2. Оны жеңу үшін күш керек.
3. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
4. Білгенге маржан, білмеске арзан.
5. Денсаулық – зор байлық
95Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіз
1. Патенттелді өнертабыстар ғылыми 30 елімізде мыңға жуық.
2. 30 өнертабыстар Ғылыми патенттелді елімізде мыңға жуық.
3. 30 өнертабыстар мыңға жуық патенттелді елімізде ғылыми.
4. Ғылыми 30 өнертабыстар елімізде мыңға жуық патенттелді.
5. Елімізде 30 мыңға жуық ғылыми өнертабыстар патенттелді
87Тәуелденген сөзді табыңыз
1. Мұғалімсің
2. Гүлдерден
3. Білімімді
4. Білімді
5. Білемін
66«Адам аяғы баспаған» тұрақты тіркесінің синонимін белгілеңіз
1. Жақын
2. Алыс
3. Жанында
4. Астында
5. Маңайда
42Көп мағыналы сөзді көрсетіңіз.
Біз таудың басына шығып келдік.
1. Біз
2. Таудың
3. Басына
4. Шығып
5. Келдік
36Дұрыс есімдікті белгілеңіз. Мен ... теледидардан көрдім
1. ол
2. одан
3. оның
4. оған
5. оны
тəуелді жалғау біреуге немесе бір нəрсеге тəуелді екенін білдіреді. мысалы:
жекеше түр жəне көпше түрі. 1 жақ -м,-ым, - ім. - мыз, - ымыз,- міз, - іміз.
2 жақ- ң, - ың, - ің,- ыңыз,- іңіз,- ңыз,- ңіз. тарың,- терің,- дарың,-дерің,- ларың,- лерің,- тарыңыз,- терініз. 3 жақ -сы,- сі,- ы,- і. сы,- сі,- ы,- і.
мысал.
1 жақ. менің үйім біздін əкеміз
2жақ. сенің уйін сендердін ікелерің
сіздін уйіңіз сіздердің əкелеріңіз
3 жақ. оның үйі олардың əкелері.
сұраулы шылауларға мысал: үйге берілген тапсырманы білесің бе?
дəптер сатып аласың ба? уйді жинап қойған Айгүл ме, Анар ма?
Жалқы есім — жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі. Жалқы есімге адам аттары антропонимдер), географиялық атаулар (топонимдер), діни атаулар (теонимдер), жануарлар атаулары (зоонимдер), аспан денелерінің атаулары (астронимдер), тарихи уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары (хрононимдер), рухани нысандар атаулары (идеонимдер) т. б. жатады. Жалқы есімдер бас әріптен жазылады.
Мысалы: Қазақстан Республикасы, Балқаш көлі, Бауыржан Момышұлы, "Балдырған" журналы т.б.
Тәуелдік жалғау – сөзді қатынасқа түсіретін қосымшаның бір түрі. Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді ( меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті,тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады. Мысалы:
Жекеше түрі
І жақ–ым, -ім, -м
ІІ жақ-ың, -ің, -ң
-ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз
ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і
Көпше түрі
І жақ-мыз, -ымыз, -міз, -іміз
ІІ жақ – тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің
-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз
ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і.
Менің кітабым
Сенің кітабың
Сіздің кітабыңыз
Оның кітабы
Біздің кітабымыз
Сендердің кітаптарың
Сіздердің кітаптарыңыз
Олардың кітаптары