14-тапсырма.
полилог. «ойшыл қалпақтар»: «ғаламтор біздің өмірімізде»
тақырыбында 6 оқушыдан топтасып, 6 түрлі қалпақ киіп,
өзара пікірталас өткізіңдер.
ойшыл
қалпақтар
ойшыл қалпақтардың қызметі
сұрақтары
ғаламтордың мәнді қызметтерін санамалап | ғаламтордың маңызы қандай?
айтады.
ғаламтордың артықшылықтарын айтады.
| ғаламтордың қандай тиімді жағы бар?
ғаламторды қолдану мәдениетіне қатысты
кемшіліктерді айтады.
ғаламтордың қандай тиімсіз жағы бар
ғаламтордың тиімділігі туралы айтады.
| оны тиімді ету үшін не істеу керек?
айтылған ойдың қайсысы ұнағанын,
қайсысы ұнамағанын айтады.
айтылған ойларға қалай қарайсың ?
бақылау және қорыту: айтылған
ойларды сараптайды, талдайды.
айтылған ойлардан қандай қорытын
шығаруға болады?
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Беріде Қазақ хандығының ордасы болды. Қасиетті Түркістанды Екінші Мекке» деп атаған.
1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды.