15. мәтінді мұқият оқып, бүгінгі сабақтан ойларыңды қорытындылап,
«бұрын қолданылған араб жазуын а.байтұрсынұлы не үшін рефор-
малады? » деген сұрақ бойынша эссе жазыңдар. сөз саны - 80-100.
осы күнгі жұрттардың бәрі де өзі шығарған әліпбиін
тұтынып отырған жоқ. бәрінікі де өзгеден алған әліпби.
еуропа жұртының тұтынған әліпбиінің түбі - көне семит
әліпбиі. көне семит әліпбиін өз тіліне үйлестіріп финикий
жұрты алған, онан грек, гректен латын. еуропа жұрты
алған. түркі әліпбиінің түбі де көне семит әліпбиі, олардан
куфалықтар, куфалықтардан араб өз тіліне үйлестіріп
алған. арабтан иран. түрік және басқа мұсылмандар алға
солардың қайсысы да бірінің әліпбиін бірі алғанда, тұрған
қалпында алмаған. өз тілдерінің дыбыстарына қарай өзгеріс
кіргізіп алған. тіліне әліпбидің артығы болса, алып тастаған,
кемтігі болса, әріп қосып толықтырған.
(ахмет байтұрсынұлы)